Экономика | Инвестиция саласындағы мемлекеттік басқару

Қазақстан Республикасы өзінің 1995 жылы 30-шы тамыздағы референдумда қабылданған Конституцияға сәйкес демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялауы нарықтық қатынастардың дамуына, әлемдік шаруашылық қызметтерге кіруге және халықаралық экономикалық қарым-қатынастың дамуына жол ашып береді. Жария, ашық үлгідегі экономиканы қалыптастырудың құқықтық негізі конституцияның мына ережесінен көруге болады. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін, жеке меншікті қорғау мен мойындауды бекітті.
Халықаралық экономикалық қарым-қатынастарды дамыту шетелдерден қосымша қаражаттарды әкелу, оларды пайдалану және Қазақстан Республикасы территориясында шетел инвестицияларын қалыпты заң қызметін қамтамасыз етуден тұрады.
Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту, кеңейту, шетел инвестицияларын кең көлемде тарту Қазақстанда экономикалық құлдыраудан шығуға көмектеседі.
Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылғаннан бастап елдегі инвестициялық жалпы бағалаулар бойынша оң жағына қарай өзгереді. Шетелдік және отандық инвесторларға көмек пен жәрдем көрсетудегі негізгі рөл Қазақстан Республикасы инвесторлардың алдында көрсетуге өкілеттік берілген бірден-бір мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі сыртқы істер министрлігінің инвестициялық комитетіне тиесілі. Бітіру жұмысында жалпы инвестициялық қатынастарды мемлекеттік басқарудың негіздері, шетел инвестициялары туралы Қазақстан Республикасының заң базасы, инвестицияда екі жақты және көп жақты реттеу, яғни инвестицияларды ұлттық және халықаралық құқықтық реттеу мәселесі қарастырылған. Бітіру жұмысының мақсаты - инвестицияда мемлекеттік басқару мәселелерін зерттеп, мемлекеттік реттеу жолдары туралы ....
Курстық жұмыстар
Толық