География | Дүниежүзілік мұхит

Жердегі су күн жүйесі планеталарының ішінде тек Жерде ғана су сұйық күйде таралған. Мөселен, Шолпанда су тек қана газ күйінде, ал Марста тек қана мұз түрінде кездеседі екен.
Жер бетіндегі су гидросфераны құрайды. Оған мұхиттар мен теңіздер, көлдер мен өзендер, бөгендер мен мұздықтар, жер асты сулары мен атмосферадағы ылғал жатады.
Гидросферадағы барлық судың мөлшері шамамен 1,6 млрд км3. Оның 96,5%-ы мұхиттар мен теңіздердегі тұзды су; 1,7%-ы мұздықтар мен тұрақты қарлар; 1,7%-ы жер асты сулары; 0,06%-ы өзен, көл, батпақ, атмосферадағы су болып табылады. Тұшы судың үлесіне 2,5% тиеді.
Тұщы су барлық тіршіліктің негізі. Оны адам баласы өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, күнделікті тұрмыста пайдаланады.
Жер бетіндегі тіршілік үшін гидросфераның маңызы өте зор. Су қабығы қоршап жаткандықтан, біздің планетамыздың климаты адам тіршілігіне колайлы.
Табиғатта су баяу жылынып, баяу суынады. Мұхиттар мен теңіздердің суы жаз бойы күн сәулесінен мол жылу жинайды да, қыста планетамыздың ауасын жылытады.....
Курстық жұмыстар
Толық