Бюджет кодексі | Жергілікті бюджетті жоспарлау және болжау мәселелері

1.1 Қазақстан Республикасының бюджет кодекiсiн шолу.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы кодекске көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Бюджет кодексi бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейді және бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражаттарының құрылуы мен пайдалануының негізгі ережелерін, принциптері мен тетіктерін белгілейді.
Егер Қазақстан Республикасының бекіткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, осы атілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ерешелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяталғаннан кейін күшін жояды.....
Курстық жұмыстар
Толық