Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін Сипаттау мәтінін жазамын (3 сынып, I тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: 4-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін. Сипаттау мәтінін жазамын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау
3.3.1.1 жеке сурет, сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау, әңгімелеу, пайымдау мәтіндерін құрап жазу;
3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтайды;
- сурет арқылы, жоспар бойынша берілген сөздер, сөз тіркестерін қолданып мәтін құрап жаза алады;
- үлгі негізінде есте сақтап, сөздерді сауатты жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың көбі:
- тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
- суреттер арқылы, жоспар бойынша сөздер мен сөз тіркестерді өз бетінше іріктеп орынды қолданып сипаттау мәтінін құрап жаза алады;
- сөз құрамында дыбыстарды ажыратып, сауатты жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі қарқынмен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- сипаттау мәтінің және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
- суреттер арқылы, жоспар бойынша көркем бейнелі сөздерді қолданып сипаттау мәтінін құрап жаза алады;
- сөз ішінде в әрпі бар сөздерді сөйлемде сауатты жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу,үзбей және біркелкі шапшаң жазады...
Подробнее