Не дәмді?

Бір күні қорада тұрған жануарлар қандай тағам дәмді дегенге таласып қалыпты. Әрқайсысы өздері жақсы көретін тағамдарын дәріптесіпті. Байлаудағы ала сиыр өкірештей жөнеліпті:

— Шіркін, пішен мен таза жемге не жетсін! Солардан дәмді бұл дүниеде бірде-бір тамақ болуы мүмкін емес!

Бұған келіспейтінін танытқан қой мекірене маңырайды:

— Иә, жем мен пішен жақсы-ақ. Бірақ желпілдеген көк майса болса, одан да жақсы ғой!

Бұларға жылқы өз дауын айтады:

— Арпа мен сұлы дәмді емес пе? Күтір-күтір шайнасаң, оның балдай дәмі ......

Ертегілер
Толық

Кептер мен қарға

Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың көк жапырақтардың арасында бейқам отыр екен, ентіге жалпылдап, жоғарғы жағындағы бұтаққа монтық қара қарға келіп қоныпты. Содан кейін мойнын бір жоғары, бір төмен созғылап, өңешін қырнай қарқылдай бастайды. Қарғаның барқылдақ даусынан кептердің құлағы бітіп, басы зеңіп, мазасы кетеді. Сонда да өзі білер деп, үндемей шыдап бағады. Бірақ қара қарға қарқылдауын тоқтатпайды.......
Ертегілер
Толық

Түлкінің күлкісі

Елпеңдей жүгіріп келе жатқан түлкінің сирағы сарышұнақтың ініне түсіп кетіп, кептеліп қалыпты. Қанша әуреленсе де қайта тартып шығара алмайды. Інінде жатқан саршұнақ сұғынып тұрған түлкінің табанын қытықтай бастайды. Қытыққа шыдай алмаған түлкі өзінен-өзі ыржаңдап, күле береді. Сөйтіп, күліп тұрғанда, қасына қасқыр келеді.
— Оу, түке, неге күле бересің, қандай қызық көрдің? – деп сұрайды таңданып.......
Ертегілер
Толық

Көбелек пен маса

Бір күні елпелектей ұшып жүрген көбелек қораның төбесіне келіп қонады. Мұны жақтаудың қуысында жатқан масаның көзі шалып қалыпты. Масаның бұған ызасы келеді.

Сонан соң шыдай алмай, көбелектің қасына жетіп барады да сес көрсетеді:

— Сен бұл араға неге келдің? Бұл жер - менің мекенім! – деп әкіреңдейді. Бұған көбелек саспайды.......
Ертегілер
Толық

Қасқыр неге ұлиды

Ертеде Халық деген бір кедей өмір сүріпті. Мал дегенде он шақты ешкісі, жалғыз аты және алтын қауырсынды қоразы болыпты. Ол кезде қораз айғай салып, ешкі де бақырмайды екен.

Күндердің бір күнінде ақсиған тісі бар, адам қорқар түсі бар бір аң келіп, кедейдің екі ешкісін алып кетеді.

— Өзі барып тұрған қаскүнем екен, қырды да кетті, – дейді Халық күйініп кемпірі мен баласына.......
Ертегілер
Толық

Тышқан ит және мысық

Ертеде ит, мысық және тышқан үшеуі дос болыпты. Сонда да ит пен мысық тышқанды онша жақтырмайды екен. Тышқан күні-түні тынбайтын еңбекқор болыпты. Ал ит пен мысық тапқанын жеп, жұмсақ шөп пен жылы жерде жатып алады. Бір күні ит қасындағы мысыққа:
— Осы тышқанның жұмысы таусылмайды, тіпті. Күйбеңдейді де жүреді, – деп, қынжылады. Сонда мысық:
— Өзіміз шолжиып жатып біреуді күндейміз.......
Ертегілер
Толық

Қасқыр мен кірпі

Орман шетінде домаланып бара жатқан кірпіні аш қасқыр бас салады. Сол кезде кірпінің инелері қанжардай қадалып, қасқырдың тұмсығы мен тамағы қанға боялады. Өзінің озбырлығын, қомағайлығын сездіргісі келмеген қасқыр:

— Бетіңнен сүйейін деп едім. Сен-ақ түрпілеріңді тастамай жүреді екенсің өмірі, – деп, сылтауратады.......
Ертегілер
Толық

Тапқыр қоян

Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып:

— Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты.

Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе де қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты.

Ең соңында қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да:

— Ыстықтай ішуді өте жақсы көремін, – деп жан-жағына қарайды.......
Ертегілер
Толық

Торғай мен тышқан

Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егіпті. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқып, дән сеуіпті.

Егін өте жақсы шығады. Торғай мен тышқан бітік өскен бидайды жинап алып, тең бөлісе бастайды. Бір бидай артылып қалады. Соны қайсысы аларын білмей, ақыры жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен тырналай осқылап, бір-бірімен ұзақ төбелеседі.

Маңайында арашалайтын ешкім болмаған соң, бір кезде шаршап барып тоқтайды. Ақыры өздерінің билеріне барып жүгінбек болады.

Алдымен тышқандар биіне келеді. Тышқандар биі:

— Бұл бидайды тышқан алуға тиіс. Өйткені тышқанның күші көп.......
Ертегілер
Толық

Бұл - не қылған батпан құйрық

Қарны ашқан қасқыр тамақ іздеп, арсалаңдап келе жатады. Сол кезде түлкі жолығады.
— Қасеке, жолың болсын! Қайда жортып барасың? – деп сұрайды түлкі жылмаңдап.
— Түкем, қарным ашты. Тамақ іздеп барамын.
— Қасеке-ай, менің де қарным ашып келе жатыр еді, өзің кездестің. Жолым болады екен. Бірге іздейік.
— Ал, түке, ендеше, баста, – дейді қасқыр.......
Ертегілер
Толық