Тоқты қошқар бұзау бұқа лақ теке

Бір қорада тоқты қошқар, бұзау бұқа, лақ теке – үшеуі дос екен. Бір күні күн шыға бөрте лақ орнынан атып тұрады да керіліп-созылып, пысқырынып, ұйқысын ашады. Сонан соң секіріп барып, күйсеп жатқан көк қасқа марқаны сүзгілеп тұрғызады. Екеуі қасқа бұзауға келеді. Лақ теке екі жолдасына былай дейді:

— Жүріңдер, серуендеп қайталық. Анау көрінген сары адырға барайық. Онда мөлдір бұлақ бар. Сүйікті асымыз, өлең шөпке тоямыз. Тоқты қошқар балғын балаусасын теріп жесін. Менің тұяғым қышыды, тастан-тасқа секірейін, тілім қышыды, қынасын теріп жейін, жүріңдер!

Лақ теке бастайды да үшеуі жүріп кетеді. Келе жатып, жолдан бір қап бидай тауып алады.......
Ертегілер
Толық

Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды

Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді:

— О, барлық жан-жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануарлардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемірек етуге болар еді-ау деп ойлаймын.

— Сонда қай жеріңді түзей түсуге болар еді деп ойлайсың? – деп сұрайды күн күлімсіреп.

— Егер, – дейді жылқы, – сирақтарым бұдан да ұзындау және сидаңдау болса, мен тіпті алдына жан салмайтын жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік бітірер еді. Төсім жалпақтау келсе, қазіргіден де алымдырақ болар еді. Оның үстіне адамзатты арқалап жүру үшін жотамнан мәңгі алынбайтын ер болса, тіпті жарасып тұрар еді.......
Ертегілер
Толық

Алдардың Тазшаны емдеуі

Өгіздерді айдап келе жатса, қой баққан бір Тазшаға жолығады. Амандасып, ол-пұл деп отырып, торсығындағы айранынан ішіп, шөлін қандырады.

"Осыны алдап, қойын айдап кетсем" - дейді ішінен Алдар. "Қалай алдаймын" деп отырып, қойшының самайына көзі түседі. Үрпиіп самайынан шығып тұрған шашын көріп, таз екенін біледі. "Енді жайынды таптым" дейді ішінен.

— Қой баққан деген азап қой. Мен де талай......
Ертегілер
Толық