Айдие Айдарбеков (1992 жылдың 8 қараша)

Айдие Айдарбеков - Нью-Йорк киноөнері академиясының магистранты
Шығармашылығын кітап жазудан бастап, сценарий жазумен сабақтаған Айдие Айдарбеков қазіргі уақытта бағын кино саласында сынап жүр. Күні кеше кішкентай ауылдан шыққан программист жігіт, бұл күнде киноиндустрияның жүрегі орналасқан "HOLLYWOOD" төбешігінде тұрып, Нью-Йорк киноөнері академиясының "Кино. Режиссура. Телевизия" мамандығы бойынша магистратурада білім алады. Оның ең үлкен арманы бүкіл әлем қызығатын сапалы қазақстандық кино жасау. Туған жерінен жырақта жүрсе де еліміздің кино саласының дамуына үлесін қосуда тынымсыз еңбек етіп жүрген, арманы асқақ отандасымыз - Айдие Айдарбеков.
Айдие 1992 жылдың 8 қарашасында Қарағанды облысында дүниеге келіп, Ақмола облысында, Жақсы ауданында өскен. Қарапайым ауылдың баласы 18 жасқа дейін туған ауылынан шет шықпаған. Ал шетелде небәрі 2 жыл бұрын ғана болып көрген екен.
Өзінің шығармашылық адам екендігін біле тұра, ата-анасының қалауымен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Компьютерлік жүйелер және кәсіби білім» факультетіне түсіп, бакалавр, одан кейін магистратураны аяқтап, техникалық ғылымдар магистрі атанған....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Сембек Сейдазимов

Сембек Сейдәзімов – нағыз атымтай жомарт азамат. Өзі түлеп-ұшқан киелі Жамбыл топырағына аянбай еңбек сіңіріп, талай қайырмды істерге ұйытқы болып жүрген нар тұлға.

«Қолы ашықтың – жолы ашық» деген жақсы сөз бар қазақ халқында. Кемел елдің келісті келешегі, ұлағатты болашағы дегенде, ішкен асын жерге қоятын аптал азаматтар жетерлік ортамызда. Асылы, «Байлық – мұрат емес, жоқтық – ұят емес» дейтін қазақ мақалы байлықты мақсат-мұрат санамаған, оны тек басқаға жанашырлық танытып, көмек көрсету мүмкіндігі деп қарайтын жандар жөнінде айтылған ғой.
Қазақ ұғымындағ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Зарина Саутбаева

Зарина Саутбаева — биомедик - ғалым, Назарбаев Университетінің оқытушысы, биология магистрі, Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес ұйымы (UICC) грантының иегері. Ол Манчестер Университетінің (University of Manchester) түлегі болып табылады, Швейцарияның Базель қаласында және АҚШ-тың Бостон қаласындағы Гарвард медицина мектебінде, тағылымдамадан өтті.
Жас ғалым биомедицина ғылымын жан-жақты оқып-үйренуге бар күш-жігерін салып, рак жасушыларының дамуын, қатерлі ісіктің диагностикасын, сонымен қатар оған қарсы күрес тәсілдерін зерттеді. Алған білімі және жинақтаған тәжірибесімен бөлісу мақсатында, Зарина Саутбаева Дипломатия Мектебінің оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында ол өз білімін ортаға салып, ғылыми эксперимент: ақуыздарды ыдырату, жасуша ядросын ашу және өз ДНҚ шығаруды көрсетті. Заринаның әңгімесін қызыға тыңдаған жас буын, өздерінің сұрақтарын қойып, барынша мол ақпарат алуға тырысты. Бұл кездесу оқушыларға түрлі ой салып, жаңа мақсаттардың қойылуына өз үлесін тигізгені сөзсіз. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ерлан Күмісқалиев

Ерлан Күмісқалиев – «Атырау – маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Қазіргі уақытта бас миы мен жұлынына зақым келген балаларға қолдау көрсету орталығын басқарады.

Тарихы
2007 жылы Ерлан Күмісқалиев қарындасын Қытайға тексеруге апарады. Медициналық орталық Ерланға да түрлі анализдер тапсыруға ұсыныс білдіреді. Қан талдауларының нәтижесі қуанарлық көрсеткіш бермейді. Сол уақыттан бастап Ерлан шетелде ұзақ уақыт емделуге бел буады. Елге оралғаннан кейін Ерлан Бас миы мен жұлынына зақым келген балаларға қолдау көрсету орталығын (ДЦП, Даун синдромы, аутизм) ашады. Емдеудің негізгі түрі – Канистерапия. Тереңірек тарқайтып айтар болсақ, науқас балаларды жануарлардың көмегімен емдеу. Бұған таптырмайтын мейірімді жануар Лабрадор иттері таңдалады.
Осылайша Ерлан аутизмге, психикалық дамуы кешеуілдеген және балалардың церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды төрт аяқты достардың көмегімен емдеуге кіріседі.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әсел Баймұқанова

Әсел Баймұқанова Каспийдегі итбалықтарды зерттеп, таспаға түсіреді.

«Мен итбалықтарды зерттейтінімді білген кезде, көп адам біздің елде олардың әлі күнге дейін мекен ететініне таңғалады. Тіпті, ақтаулықтар да».

Әсел Баймұқанова Марқакөл өзенінің бойында дүниеге келген. Бала кезден жоғалып бара жатқан жануарларды қорғау саласында жұмыс жасауды армандаған көрінеді.

«Менің әкем – ихтиолог, ол белгілі жерде ғана мекен етететін балықтарды зерттейді. Алтыншы сыныпта оқып жүрген кезімде, әкем менің өтінішім бойынша Марқакөлді аралатты. Қайыққа отырып, әдемі табиғатты тамашалаймын деп ойлаған едім. Бірақ күн қатты суық болып, масаға әбден таландым. Содан бері ешқашан мұндай сапарға шықпаймын деп шешім қабылдаған едім».

Алтыншы сыныпты аяқтаған жылы Әселдің отбасы Алматыға көшіп келеді. «Өскен сайын табиғатты қорғау мселелері бұрынғыдай уайымдатпайтын болды» дейді ол. Осылайша Әсел басқа сала бойынша оқуға түседі. Бірақ уақыт өте келе бала арманын жүзеге асыруды қайта қолға алады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Александр Пупенко

Көкпардан Қазақстан құрамасының ойыншысы, Азия ойындарының, әлем чемпионатының чемпионы Александр Пупенконы білетіндер аз.

Ол Астана қаласының маңындағы Үшхоз ауылында дүниеге келген. Бала кезінен жылқыға жаны құмар Александр ауылдағы «Құлагер» ат спорт клубына барып, атпен шабуды үйреніп, 9 жасында көпшілік алдына шығып, өнер көрсете бастайды. Ал 14 жасында көкпармен кәсіби түрде шұғылданады.

16 жасқа келгенде Астана сапына алынып, жарыстарға шыққан. Қазақстанның жастар чемпионатында Пупенконың командасы қола жүлдеге қол жеткізеді. Бір жыл өткен соң, астаналық өрендер күміс алса, тіпті бір жылды араға салып, чемпион атанған. Ал Александр Пупенко 44 салым салып, үздік сұрмерген болды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Болат Сұлтанқұлов

Болат Сұлтанқұлов - генетик кәсіпкер, Болашақ бағдарламасының түлегі

Болат Сұлтанқұлов Ноттингем университетін «Генетика облысы ғылымдарының бакалавры» мамандығы бойынша бітіріп, 2010 жылы кәсіби қызметін Республикалық Микроағзалар Коллекциясында (кіші ғылыми қызметкер) бастаған, сондай-ақ Ұлттық Биотехнология орталығында, Назарбаев Университетінде жұмыс істеген.

2014 жылы әріптестері Бауыржан Айтуов және Әділбек Жолдаспен бірге диагностика саласындағы стартап бойынша полимеразды тізбекті реакция балама әдісін қолдана отырып жұмыс істеген. Сол жылы регенерациялық технологиялар саласындағы әзірлемелермен айналысатын «Жасуша терапиясы» ЖШС негізін қалаған, сондай-ақ бағаналық жасушадан бөлінетін өсу факторлары негізінде теріні қалпына келтіретін сарысу жасайтын "Pomme de vie" ЖШС компаниясының негізін қалағандардың бірі.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Алексей Башкирцев

Алексей Башкирцев - ғалым

Қазақстандық ғалым және өнертапқыштың жаңалығы – материалды аса ұсақтау технологиясының нәтижесінде керемет азықтық өнім алуға (ұсақтығы аса жоғары ұнтақтар, наноұнтақтар) мүмкіндік береді. Аталған технология «Қазақстанның жыл өнертабысы. Шапағат 2008 ж» жеке өндірісіндегі диірмен-механоактиваторларда жүзеге асырылуда. Аталған инновациялық технологияны өндірістің әртүрлі облыстарында қолдану ерекше қасиеттегі өнімді өндіруге мүмкіндік береді. Мысалы, керамика мен пигменттерді қайта өңдеуде қолданушылық ерекше қасиеттерімен экологиялық таза, өздігінен тазаланатын және т.б. керемет қасиеттерге ие өнім пайда болады.
Алексей Башкирцевтің аса ұсақтау технологиясы өсімдік шикізатының (астық тұқымдастарын қоса алғанда) пайдалы жақтарын өңдеу барысында барынша ашуға мүмкіндік туғызады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық