Евгений Чуриков

Алматыда осыдан 20 жыл бұрын қазақ тілінің электронды сөздігін әзірлей бастаған бағдарламашы - Евгений Чуриков тұрады. Ашығын айтқанда, өткен ғасырдың аяғында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі тағдырына ешкім сенбеді. Ал Евгений Чуриков екі он жылдықта өзінің sozdik.kz жобасын дамытып келеді.

Сайтқа күніне 50 мыңнан астам адам кіреді. Қазір sozdik.kz Қазақстан интернетіндегі белгілі сайттардың бірі. Евгений тек сайтты құрумен ғана шектелген жоқ, ол командасындағы мүдделестерімен бірге iOS және Android-қа арналған мобильді қосымшалар ойлап тапты, сондай-ақ мессенджерден шықпай-ақ сөзді аударуға мүмкіндік беретін Telegram-бот құрды. Қазіргі таңда сайт Қазақстандағы жалғыз сапалы электронды аудармашы және сөздік. Евгений миллиондаған қазақстандықтар қолданатын сөздіктің қорын күнделікті толықтырып отырады, сол арқылы елдің дамуына, оның ішінде қазақ тілінің дамуына үлкен үлес қосуда.

Қазақ тілін үйрену қиын емес, барлық жерде оның маңыздылығы туралы айту, тіпті, оңай. Бірақ оны жаңғырту, цифрлау және алға жылтуға күш салу оңай жұмыс емес, әсіресе оны қызмет бабымен емес, өз еркіңізбен және өз ақшаңызға жасаған кезде.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Назгүл Кенжетай

«Kyzylorda-news.kz» ақпараттық агенттігі «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының ІІ кезеңіне Қызылорда облысынан ұсынылған үміткерлермен таныстыруды жалғастырады.

Назгүл Кенжетай – халықаралық әскери тілші, фотограф-журналист. Оның фотосуреттері BBC ақпараттық агенттігінің сайтында жарияланған, Катар, Түркия және Еуропа елдерінде өткен көрмелерге қойылған.

Түрік бұқаралық ақпарат құралдары Назгүлді Қазақстаннан шыққан тұңғыш әскери тілші әйел ретінде таниды. 23 жастағы бойжеткен босқындардың шынайы өмір салтын көрсету үшін БҰҰ мен ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып, бірнеше рет Түркия мен Сирияның шекарасына арнайы барған. Өзінің айтуынша, мақсаты – Отанынан, түп қазығынан айырылған адамдардың тағдырына әлемнің назарын аудару, сол арқылы бейбітшілікті насихаттау.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Анвара Садыкова

Анвара Садықова - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты, өнер шебері, педагог, хореограф, қазақ хореографиясын зерттеуші және насихаттаушы.

Оның кәсіби қызметі 2000 жылы басталды. Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, А. Селезнев атындағы Алматы хореография мектебінде, Т. Жүргенов атындағы Қазқ ұлттық өнер акаемиясында, Қазақстан Республикасының Болат Аюхановтың басшылығымен мемлекеттік академиялық би театрында жұмыс істеген, 2017 жылдан бастап Астана қаласындағы Қазақ ұлттық хореография академиясында аға оқытушы болып жұмыс істейді. Өмірбаянында түрлі жылдардағы педагогикалық, ғылыми, қойылымдық, ағартушылық және қоғамдық қызметтер біріктірілген.

Анвара Садықова өзінің шәкірттерінің өзіндік қасиеттерін аша алды, олардың көпшілігі айтулы Халықаралық хореографиялық байқаулардың лауреаттары, Қазақстанның, алыс және жақын шет елдердің түрлі балет сахна....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ержан Сәлімгереев

Ержан Сәлімгереев – жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол пара жүзуден әлемнің үздік спортшылардың қатарына кіреді. Әр жылдары өткен әлемдік жарыстарда Қазақстан қоржынына бірнеше медаль салған. Сәлімгереев осы жылы Джакарта қаласында өткен Азиада ойындарында қос алтын медальға қол жеткізді.

Ержанның тағдыры 9 жасында күрт өзгерген. Ауылдағы достарымен асыр сап ойнап жүрген бала абайсызда тоқ сымына тартылып қалады да, бір қол, бір аяғынан айырылады. Сол ауыр күндері ата-анасы мен туыстары жанынан табылып, керемет қолдау көрсетеді.
- Қазір ойласам, олардың демеуінсіз менің тауым шағылып, өмірден әлдеқашан түңіліп кетер едім... Барлық жетістіктерім тек сол кісілердің арқасы деп білемін! – дейді, Ержан.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ғалым Нұрланов

Ғалым Нұрланов - кітапханашы, әрі зағип және нашар көретін жандарға брайль жүйесін және компьютерге орнатылған арнайы синтезатор арқылы компьютерлік сауаттылықты тегін үйретуші.

Ол 1989 жылы 19-мамырда Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келген. Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде «Кітапхана ісі», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасында бастады. Қазіргі танда Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында "Дыбыс жазу студиясы және Брайль" кітаптарын шығару бөлімінде кітапханашы қызметін атқарады. Жұмыс барысында кітапханадан шығатын «РБНСГ-Вести» газетінің шығарылуына өз үлесін қосты. Көз жанарының көруі нашарлығына қарамастан, үнемі айналасындағы адамдарға көмектесіп келеді. Соның бір дәлелі «Саусақ ұшындағы әлем» үйірмесі аясында зағип және нашар көретін жандарға брайль жүйесін және компьютерге орнатылған арнайы синтезатор арқылы компьютерлік сауаттылықты тегін үйретіп келеді. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Никита Амоскин

Никита Амоскин – акробат, халықаралық класстағы спорт шебері, екі дүркін Азия чемпионы, спорттық акробатикадан әлемчемпионы.

Ол 1999 жылы Қарағанды облысында туған. Қазір Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 2 курс студенті. Никита бала кезінен спорттық акробатикамен айналысып, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы турнирлерінде жүлделі орындар алды. Ол спорттық акробатикадан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері. Никитаның 60-тан аса марапаты бар.

2015 жылы серіктесі Анастасиямен бірге Азия чемпионатында жеке есепте 1 орын алды. 2016 жылы Қытайда әлем Чемпионатында қола жүлдегері атанды, ал Польшада әлем кубогында алтын жүлдеге ие болды.

2016 жылы Никита еңбегіне лайық халықаралық класстағы спорт шебері атағын алды. Алайда жас спортшының басты жетістігі 2018 жылдың сәуірінде Бельгияның Антверпен қаласында жастар арасында аралас жұптар категориясындағы спорттық акробатикадан өткен Әлем Чемпионатының алтыны болып табылады. Өз қаласы мен елінің мақтанышы болып жүрген ол әрі қарай да халықаралық спорт әлемінде Қазақстан Республикасының мерейін үстем еткісі келеді. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әмір Қуат

Әмір Қуат – ғылым қайраткері, кәсіпкер, музыкант

Табиғаты шығармашылыққа жақын, ерте жасынан таланты мен музыка, ғылымға деген қызығушылығын көрсеткен. 6 музыкалық аспапта еркін ойнайды, өлең мен музыка жазады. Дегенмен ең басты қызығушылығы ғылым болып табылады. Әмір өлім мен жарақат алу санын төмендетуге бағытталған «БИОВ» қауіпсіздік техникасының авторлық жүйесін басынан бастап жасаған өз саласындағы аз адамның бірі. Елімізде өндіріс пен жұмыс орындарында жарақат алу мәселесі өте өзекті екені құпия емес. Әмір қауіпсіздік техникасы мәселесін қолайлы жағдай мен қауіпсіз жұмыс аймағын жасап қана қоймай, адамды өз-өзінен қорғау керек деп санайтын бірден-бір адам деп айтсақ қате болмас, себебі ең тәжірибелі, ең мінсіз және қауіпсіздік мәселесіне ең мұқият қарайтын жұмысшының өзі де қателесуі мүмкін. Бірақ сол қатені қай уақытта жіберетінін ешкім білмейді, Әмір Қуаттың ғылыми-зерттеу жұмысының мәні де осында.

Ғылыми қызметін 14 жастан, адам ағзасының биологиялық әлеуеті мен оларға гелиофизикалық факторлардың әсер етуін өткенді шолу арқылы болған оқиғалармен сәйкестендіре отырып зерттеуден бастаған. Зерттеулер нәтижесінде адам орны толмас қате жіберген кездегі заңдылықтарды тауып, оларды ғылыми жұмысында көрсеткен және түрлі қалалық, облыстық, республикалық конференцияларда таныстырып, бірінші орындарға ие болған. 2008-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында болған 1,2 млн өлім жағдайларын зерттеу салдарынан тамаша нәтижелер алынып, олар жүйенің жетілдірілуі мен тиімділігін арттыруға бағытталып, кейін «БИОВ» қауіпсіздік техникасы авторлық жүйесінде қолданылған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Мая Жұманбекова

Мая Жұманбекова – дизайнер

Мая Жұманбекова - арт-директор, «Mimioriki» балалар киімінің тұңғыш қазақстандық брендінің дизайнері (Алматы)

Мая 1976 жылы 1 мамырда дүниеге келген, барлық кеңестік балалар секілді бала кезінен жан-жақты болған, жүзумен айналысып, сурет салу, үй шаруашылығы, би, фортепиано үйірмелеріне қатысқан. Сурет салуға, тігіс тігуге және қуыршақтарды киіндіруге деген құмарлық оның болашақ мамандығын сол кезде-ақ анықтап берген!

Бала кезінде әжесімен бірге қуыршақтарға керемет көйлектер тігетін, ал анасы 20 жылдан астам уақыт «1 мамыр» тігін бөлімшесінде жұмыс істеп, үлкен тігін цехын басқарған. Мая анасымен бірге жұмысына барып, процесті бақылап, жіптер орамын жайып, мата кесінділерін зерттеп, қиялдап, түрлі киім үлгілерінің суретін салғанды жақсы көретін. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Серік Нұркенов

Серік Нұркенов – ғалым, РФ физика-математика ғылымдарының кандидаты, физика мамандығының PhD докторы, халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Ол бериллий негізіндегі жаңа термо төзімді нано-жабындар әзірлеп, жасаған, олар ядролық медицина, космостық және ядролық энергетикада маңызды практикалық қолданысқа ие. 2009 жылдан бері Республикалық диагностикалық орталықта (Қазір Назарбаев Университеті “University medical Center” КҚ) ядролық медицина бөлімінде жұмыс істейді. Онкологиялық, кардиологиялық және неврологиялық ауруларды ерте диагностикалау және емдеу тиімділігін бағалау, сондай-ақ емдеу тактикасын өзгертуге себеп болатын метастатикалық зақымдануларды анықтау мақсатында иондаушы сәулелердің ашық көздерін қолдана отырып диагностикалық зерттеулерді жүзеге асырып жүрген алғашқы медицина физигі болып табылады. Мысалы, радиоактивтік белгісі бар заттар (басқаша айтқанда 18F-FDG негізіндегі радиофармпрепарат) ағзаға енгізілгеннен кейін физиологиялық және патологиялық процестерге қосылады, бұл оларға онко-процестерді (рак жасушалары) ең ерте кезеңінде тез табуға мүмкіндік береді. Бірегей, жоғары дәлдіктегі және ақпараттық ПЭТ/КТ зерттеулер Қазақстанда алғаш рет 2010 жылдан жасала бастады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ердос Төлегенов

Ердос Төлегенов - журналист, әлемнің бірнеше елінде жарық көретін балаларға арналған “OYLA” ғылыми журналының негізін салушы

Интернет дамығалы газет-журналдың болашағына сенбейтіндердің саны көп. Тек Ердос Төлегенов олардың қатарынан емес. Ұзақ жыл “Эксперт Қазақстан” журналында қызмет еткен ол тек Қазақстанда емес, көптеген дамыған елдерде сұранысқа ие журналдың негізін салған.

“Балаларым өскен сайын, оларға оқуға ұсынатын сапалы әрі қызықты қазақстандық басылымның жоғын түсіндім. Ал біздің бала кезімізде ондай журналдар бар еді. Айналамда да ғылымға қатты қызығатын жастар көп болатын. Сондықтан, мен біздің балаларымыз білімді, жаңалыққа құмар, мәдениетті және сыни ойлай алатын адам болып өскендерін қаладым”. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық