№14-сабақ Хронологиялық даталардың көмегімен өмірбаянымды жазамын (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Тақырыбы: №14-сабақ Хронологиялық даталардың көмегімен өмірбаянымды жазамын
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін/ жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу)
3.3.7.2 мұғалімнің қолдауымен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою
3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік, өмірбаян жазу
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдетеді
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
• тірек сызбаларды басшылыққа алып, стилі бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;
• үлгі негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтап, тыныс белгісін қолданады;
• сөйлемнен бастауыш пен бандауышты ажыратады
• үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады
Оқушылардың көбі жасай алады:
• тірек сызбаларды басшылыққа алып, стилі бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;
• сызба негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтайды, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;
• сөйлем құрылысын сақтап, іс-әрекетін баяндалған өмірбаянын жаза алады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• мәтіндердің стилі бойынша ұқсастығы мен
ерекшеліктерін сипаттайды;
• бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі,
• сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;
• болған оқиғаны сипаттап жаза алады
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу үзбей және біркелкі шапшаң жазады...
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық