Өмірі - ұрпаққа өнеге

Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл. 30-жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашистік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына алып келді. Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен, батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен кейін, негізгі күштер талқандалды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келісімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды. КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі. “Барбаросса” жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды.
“Солтүстік” тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Москваға бағытталды......
Шығармалар
Толық

Өзіндік тәрбие дамуының сатылары

Қазіргі кезеңде қазақ халқының өмірінде бұрын-соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.
Бұл мәселені тудыратын себептердің бірі - отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілікті туғызады. Ал, тарихқа кез жүгіртетін болсақ, кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.
Екінші себеп - бұл отбасындағы маскүнемдік, ұрыс-керіс, ата-аналарының және басқа жанұя мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы ажырасу яғни неке бұзу. Балалар тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші рөл атқарады. "Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе... Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы - тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі" деген болатын А.С.Макаренко.
Ал, ұлы ата-бабаларымыз "Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы", "Үяда не керсе, ұшқанда соны іледі" деп түсіндіреді. Сондықтан балаға өмірінің алғашқі жылдарында адамгершілік сезімдерін егудің орны бөлек. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық ұстамадан аза шегеді. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді.
Үшінші себеп - ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдығы, кішіпейілдігі, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Ұрпақ тағдыры дегеніміз - ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы, оның білім, де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірге тәрбиелі ұрпақтарының қолында. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Өндіріс шығындары

Кез келген экономикалық шешімнің негізінде қойылған сұраққа қайтарылар жауап жатады: біздің мына бір немесе басқа жобаға (біздің ШЫҒЫНЫМЫЗ) жұмсағанымыз және жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өз шығынымыздан тысқары алатынымыз (біздің ПАЙДАМЫЗ) қандай ара қатынаста болуы керек?
Кез келген өндірістік единица (фирма) өз қызметінен мүмкіндігінше мол пайда көргісі келеді. Пайда мөлшері екі фактормен анықталады:
• Сұраным мен ұсыным нәтижесінде жинақталынатын тауарлардың немесе қызметтердің бағаларымен, бұл фактор көбіне-көп экономикалық коньюктуралық сыртқы жағдайға тәуелді;
• Фирманың өндіріс ресурстарын тиімді пайдалануына байланысты болатн өндіріс шығындарымен.
Экономикалық көзқарас тұрғысынан фирманың барлық шығындарын: айқын және айқын емес деп екі топқа бөлуге болады.
1. Айқын шығындар- ол өндіріс факторларын және аралық бұйымдары жеткізушілерге (сырттан келетін жартылай дайын өнімдер) ақшалай төлемнің формасын қабылдайтын баламалы шығындар.
Мысалы:
1.1. Жұмысшыларға еңбекақысы;
1.2. сатып алынатын немесе жалға алынған: станок, машина, құрал, ғимарат, құрылыс шығындары мен төлемдері;
1.3. көлік щығындарына төлеу;
1.4. коммуналдық төлемдер;
1.5. банктердің, сақтындыру компаниялардың қызметтеріне төлеу;
1.6. материалдық ресурстарды (шикізат, жартылай дайын өнімдер, жабдықтағыш бөлшектер) төлеу.
2. Айқын емес шығындар (имплиценттік шыңындар)-ол ресурстарды пайдалнудағы фирманың өзіне қарасты баламалы шығындар яғни ешкіңмге ештеңе төлемейтін шығындары.
2.1. өзіне қарасты ресурстарды тиімді пайдаланған жағдайда ала алатын немесе «айырылып қалған мүмкіндіктерінің» (алынбай қалған пайдасының) ақшалай төлемді.
Айырылып қалған мүмкіндіктер шығындарының мөлшері- ол ресурстарды пайдалнудың барша баламалы тәсілдердінің ең қолайлысынан түсетін аұшалай түсім. Мысалы, ЖОО оқытушысы өзінің жұмысын тастап, «қапшықтап сату бизнесіне» өтті делік, ондай жағдайда ол өз бизнесінің шығынына өзінің жоғалтақн оқытушылық жалақысын да қосуы керек.
Тағы бір мысал келтіруге болады. Кәсіпорын ешкімге ештеңе төлеместен (сөйтіп экономика жағынан өзінің меншік иесі құқығын жүзеге асыра отырып) өзіне қарасты ғимаратты пайдалнады делік, бұл ретте ол бұл ғимаратты біреуге жалға беріп, одан алытнатын ақшалай төлем мүмкіндігінен бас тартады. Бұл шығындар айқын төлем да ол алынбай қала береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Өгіз бен есек

Бір күндерде өгіз бен есек жолдас болып, ауыл маңында бірге жайылып жүріпті. Бірде екеуі оңашарақ шығып кетеді де ағашы қалың бір бауға кіріпті. Баудың іші жайқалған шалғын екен, екеуі өлең шөпке сылқия тойып алыпты.

Қарны тойған соң, енді есектің бақырып, көңіл ашқысы келеді. Соған ыңғай білдіргенде өгіз:

– Сен ақырма, – дейді аузын басып......
Ертегілер
Толық