Ғабиден Қожахмет | Қыр басына шыққан түлек

Шашқызып шәкіртіне жүрек кенін,
Оятқан ізгілікке жүректерін.
Бұл күнде ел біледі, құрметтейді
Мектептің мақтанышы – Түлектерін.

(«Қожабақы мектебінің вальсі» әнінен)

Мектепті бітіргендеріне 20 жыл толған түлектердің 20 жылдық кездесулерін ұйымдастырмақ мақсатпен алдын ала өзара дастарқан басында ойластықтары өтіп жатыр еді. Бұлар – 1963 жылы дүниеге келген, мектепті 1980 жылы бітіріп кеткен 31-түлектері. Дастарқан басында жиналып отырған ендігі есейіп кеткен кешегі сыныптастардың арасынан төрде отырған Рүстембек Құлжанов сөйледі.

– Біздің орта мектепті бітіргенімізге де 20 жыл уақыт болыпты. Қыр басына шығып кеттік демейміз. Бірақ хал-қадірімізше еңбек еттік. Отбасын құрдық. Бала-шаға өсірдік. Әке, ана болдық. Енді осы төбенің басында 20 жылдық кездесу ұйымдастыруға бастамашы болып отырған жайымыз бар. Осыған бір өлең арналса, – деді Рүстембек Құлжанов.

Рүстембек Құлжановтың сыныптастары, шынында да, 20 жылдық кездесудің бастамышысы болып отырғаны рас еді. Содан кейін-ақ 20 жылдық кездесу өткізу үрдіске айналып жүре берді. Рас, мұндай 20 жылдық кездесу өткізу кеңес заманында дәл сол кездегі мектеп басшысы Амангелді Есетов ағайлардың сыныптастары арасында ұйымдастырылғандығы, оның ауылдық мәдениет Үйінде өткендігі де белгілі. Бірақ нақ осындай кездесулер өткізу тәуелсіздіктен кейін ғана барып үрдіске айналып жүре бергендігі рас.

.....
Әңгімелер
Толық