Балғабек Қыдырбекұлы | Аттаныс


Ораз соңғы күндері қатты өзгеріп кетті. Бірге оқитын жолдастары үшін бұл күтпеген жай болды. Ол түнеріп алады да, ешкіммен сөйлеспей қойды. Бұрын да мінезі ауыр еді, енді сұраққа ғана жауап береді де қояды. Гимназияның жоғары класындағы құрбылары оны әнеугі емтихандағы жайға өкпелі деп ойлады. «Оны кімнен көреді, езінен кермесе» деушілер де бар еді. Совет өкіметі орнағалы бері Оразды қайта-қайта іздеп келіп, алып кетіп жүретін әртүрлі адамдар да тыйыла қалғандай. Гриша Ораздың мінезінің өзгерісін содан деп ойлады. Бір оңашасын тауып Ораздан Гриша сұрап көріп еді, ол бұрынғысынша жауап бермей қойды.

Жақында гимназия бітірушілер орыс әдебиетінен емтихан берді. Ораз шығарманы өлеңмен жазды. Соның салдарынан оның кәмелеттік аттестатында бір үштік баға мәңгі орын алды. Орыс әдебиетінің мұғалімі:

— Әй, Жандосов, бекер-ақ істедің. Аттестатыңды бүлдірдің ғой,— деп еді. Ораз оған мойымады:

— Ол да мемлекеттік баға ғой,— деп күлін қойды. Гимназиядағы он жылғы өмірінде ешқашан «үш» алмаған Оразға төмен баға қойылғанына жолдастары қынжылып та, қиналып та қалып еді. Гимназиядағы ағарту үйірмесін басқарып, бәріне сапырып ақыл айтып отыратын жолдасының өздерінен темен баға алғаны оларға қатты батты. Ораз томсырайып үндемей жүргенде, барлық гимназистер осыған ренжіп жүр дескен. Бірақ олай болмай шықты.

Аттестат алған күні Ораз ерте жатты да, ұйықтап қалды. Түн орталап төсегіне оралған Гришаның енді кезі ілініп барады екен, үйдің ішінде біреудің түрегеліп жүрген сыбдырынан көзін қайта ашып алды. Сытырлап жаңбыр жауып тұр. Алматының жауынды сәуірдің сылбыр түнінде далаға беттеп бара жатқан кім? Әлде осындай аласапыранда балалардың бірдемесін алып жүрген ұры ма? Бірақ таныс бейне сияқты. .....
Әңгімелер
Толық