Ұстазға деген махаббат

Қолым боста студент кезде арнаған қойын дәптерімді ашып оқыдым…Ішінде талай–талай естеліктер жазылыпты. Өткен күндердің қызықты сәттері көз алдыңа тізіліп еске түседі. Парақтап отырып, ішінен ерекше бір жазылған естелікке көзім түсті. Иә, нағыз естелік деген осы болар! Мектеп бітіргенімізге 2 жыл толғанда ұстазымның маған арнап жазған естелігі екен. Ал, мектепті бітіргенімізге 14 жыл өтіп, арамыз алшақтаса да ұстазыммен әлі күнге дейін хабарласып, кездесіп тұрамыз.

Мен үшін шын жүректен жазылған сол бір ізгі тілектердің арқасында оқуымды қызыл дипломмен аяқтап, мамандық иесі болып, білімнің биік шыңына өрмелеп, өмірдегі асқар таудай армандарымды орындауға тырысып келемін.

Сол ұстазым - Маханбетова Гүлайым қазіргі таңда Панфилов мектебінің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 5-сыныпта жетекшілікке алғаш келген күннен бастап, өте қарапайым, ақылдылығымен, жүріс-тұрысымен мені өзіне бірден баурап алған еді. Қазақ тілінен олимпиадаға сен барасың деген күнінен бастап арамыз жақындай түсті. Ұстазға деген сүйіспеншілігім арта түсіп, айнымас достарға айналдық. .....
Әңгімелер
Толық