Мұхтар Шаханов (Ұлылар мен орташалар)

...Міне, қызық, ылғи бойын зорайтқан соң күліп алдан,
Пайымсыз жұрт орташаны биік қойған ұлылардан.
Ұлылардың осал жерін орташалар біліп алған,
Ұлы ойлардың иығына орташа ойлар мініп алған.
Сан алқалы жиындарда орташалар той бастаған,
Хас тұлпардың даңқын бөгеп орташа аттар ойқастаған.
Мынау марғау дәуірдің де орташалар — сүйенері,
Биліктегі бастың көбі — орташа ақыл иелері. ....
Өлеңдер
Толық