Кір тасын көтеруден 76 жастағы жерлесіміз Гиннестің рекордтар кітабына енді



Күш атасын танымас. 76 жастағы Алматы облысы Көксу ауылының тұрғыны кір тасын көтеруден Әмірбай Рысқұлов Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Қария зілтемір көтеруден өз мықтылығын Ресейдің Архангельск қаласында дәлелдеген. Спортшы жетпістің желкесіне шықса да, Гиннестің рекордтар кітабына енгізетін халықаралық комиссия мүшелерінің алдында 10 келілік кір тасын жарты сағат тоқтамай 750 рет көтерген. Өзінің айтуынша, бұдан да көп көтеруге мүмкіндігі болған.

Дегенмен, рекорд жасау үшін 750-ге жеткізу негізгі меже болып есептеледі. Ал әлемнің кіл мықтылары мықтылықтарын дәлелдеуге арналған бәсекеге жалпы 400-ден астам спортшы жиналған.

Қазақ елінен Әмірбай Рысқұловтан басқа тағы 4 зілтемірші қатысса, Алматы облысынан барған 55 жасар Жұмахан Құзабаев та рекорд орнатты.

Қазір Әмірбай Рысқұловтың қоржынында 105 медаль болса, оның 65-і алтын. Спортшы бұл жеңісін Тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына арнап отыр.

Подробнее

Қазақстан әлемдік деңгейдегі көліктерді шығара бастайды



Бұдан былай танымал көліктерді іздеп ел аспайтын боламыз. Себебі ол автокөліктер өз елімізде жасалады.

Шетелдік компаниялар Қазақстанда өз зауытын салуға ниетті. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде өткен жиында мәлім болды.

"Қазақстанда автокөлік жасауды дамыту: жетістіктері, түйінді мәселелері және перспективалары" тақырыбындағы өткен көшпелі дөңгелек үстелде мамандар мәселені жан-жақты талқылады. "Нұр Отан" партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесі бұл саланы жіті бақылап, қадағалап келеді. Нәтиже жаман емес. 2012 жылы Өскемен, Қостанай, Алматыдағы зауыттарда 20 мыңға жуық машина жасалған. Биылғы 9 айда 25 мың көлік шығарылса, жыл аяғына дейін 9 мың көлік жасау жоспарланып отыр.....

Подробнее

Қазақстанда жаңа жол жабындысы сынақтан өтеді



Қазақстанның Ақмола, Атырау және Алматы облыстарының автомобиль жолдарындағы сынақ учаскелерінде "Микросюрфейсинг" түріндегі жаңа жол жабындысын сынақтан өткізу басталды.

Фото: nso.ru
Фото: nso.ru

Жаңа технология жол жабындыларының бұзылу процесін тоқтатуға мүмкіндік береді және жоғары техникалық санаттағы тас жолдарда қолданылатын болады. Бұл туралы baq.kz тілшісіне ҚР көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жолдарды күтіп-ұстауда бұзылулардың алдын-алу әдісін қолдану қаржыны үнемдеуге бағытталған. Айталық, жолдарға 7-10 жылдан кейін, яғни сапасы қанағаттанарлықсыз жағдайға жеткен кезде күрделі жөндеу жұмысын жүргізгеннен гөрі, олардың сапасы қанағаттанарлық жағдайда болған кезде жол жабындысына жөндеу жұмысын жүргізген айтарлықтай арзанға түседі", - деп атап өтті Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов.

Подробнее

Елбасы оқушыларға спортпен шұғылданып, кітапты көп оқуға кеңес берді



Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір топ елорда мектептері түлектерімен "Жаңа қазақстандық патриотизм" тақырыбында өткізген сабақ барысында оқушыларға спортпен шұғылданып, кітап көп оқуға кеңес берді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Егер менің күн тәртібімді білгілеріңіз келсе: мен таңертең алты жарымда тұрамын және бір сағатымды жаттығуға арнаймын. Таңертеңгі жаттығуды ауыр фитнеспен аяқтаймын. Мүмкін, маған бұл керек емес шығар, бірақ мен осы тәртіпке үйреніп алдым. 45 минут аэробика, одан кейін фитнес, осыдан соң суға шомылып, жұмысқа барамын. Жексенбі бір күн демаламын. Мұндай тәртіпке дағдыланғаннан кейін, онсыз өмір сүре алмайсың", - деді Елбасы.

"Өмірде алға қойған мақсатыңа, табысқа жету үшін денің сау болуы керек. Денсаулықты жас кезден сақтаған жөн. Денсаулығың болмаса....

Подробнее