Сайдалімге дауыс (Қазақ ауыз әдебиеті)

Азғырса шайтан лағынат,
Адамда болмас қанағат.
Қанағатсыз адамның
Артында қалар жаман ат.
Білген жандар аз бүгін,
Өзін-өзі шамалап.
Ардақталмай аз шығар,
Атқа мінген азамат.
Жасынан шыға ел сұрап,
Дос түгіл дұшпан ағалап.
Қайтейік ажал қоймады,
Алды-артын қамалап.
Иманын берсін, Құдайым,
Сөйлейік сөзді жаңалап.
Бір-бір бастан айталық,
Дос-жаранын аралап.
Сына салсын халайық,....
Өлеңдер
Толық