Қадыр Мырза Али (Мазақтамалар)

Ерке
Сарнап тұрып ертесін,
Сұрайтын қант, бөлкесін
Сен бір жаман еркесің!
Әкеңнің де желкесін,
Көкеңнің де желкесін
Жауыр қылған еркесің!

Сотқар
Сотқар,сотқар, сотқарсың!
Кішілерге шоқпарсың,
Үлкендерге көкпарсың!
Сотқар болсаң, сотқар бол,
Бір таяқ жеп тоқтарсың!.....
Өлеңдер
Толық