Қытай

Аумағы, шекаралары, жағдайы: әйгілілігі мен құрамы туралы түсінік. Қытай Халық Республикасы - жер көлемі жағынан дүниедегі үшінші мемлекет. Ол батыстан шығысқа қарай 5,7 мың км-ге, солтүстіктен оңтустікке қарай 3,7 мың км-ге созылып жатыр. Қытайдың құрлықтағы шекарасы (21,5 мың км) теңіздегісінен (15 мың км) ұзын. Бірақ та құрлықтағы шекараларының көбі аяқ жете қоймайтын табиғи кедергілермен қоршалған. Сыртқы экономикалық байланыс үшін негізінен Желтомға, Шығыс-Қытай мен Онтүстік-Қытай теңіздеріне шығатын «қақпалар» пайдаланылады. Алыс түкпірдегі аудандардың теңізге шығуына Янцзы өзен жолы қызмет етеді.
Әкімшілік-аумақтық ерекшелігі жағынан Қытай 23 пропинцияға (Тайванды қоса есептегенде) бөлінеді. Олардың кейбіреуінің халқы шетелдік Еуропаның ең ірі деген елдерінің халқынан асып түседі және Қытайда бес автономиялық аудан, орталыққа тура бағынатын төрт қала (Шанхай, Пекин, Тяньцзин, Чун-цин) бар.
1949 жылы Қытайда халық революциясы жеңіске жетті, мемлекет ҚХР деп аталғаннан кейін талқандалған гоминдан үкіметінің қалдығы Тайваньға қашып барып, аралды «Қытай Республикасы» деп жариялады. Алайда, Қытай оны өзінің бір провинциясы деп есептеп, ҚХР Тайваньның бейбіт жолмен бірігуі бағытындағы саясат жүргізеді.
1997 жылы Ұлыбритания Азиядағы соңғы иелігін — үлкен емес, бірақ сауда-экономикалық, қаржылық жағынан саяси маңызы зор Гонконг аумағын 99 жыл жалға пайдаланудан кейін Қытайдың өзіне қайтарды. Сянган (қытай-лықтар Гонконг деп атайды) өзінің ерекше статусы 50 жыл бойы сақталатын ҚХР-дың құрамындағы Арнаулы экімшілік аудан болып жарияланды.
1999 жылдың аяғында елдің оңтүстігіңдегі тағы бір шағын аймақ, бұрыш португалдық отарлық империяның соңғы тұяғы - Аомынь да Қытайдың құрамына өтті.....
Рефераттар
Толық

Қытай азаматына тұрмысқа шыққан келіншек Қытай елін "екінші үйім" деп атады (фото)

Қазіргі таңда ұлтаралық некемен ешкімді таңғалдыру мүмкін емес. Бірақ елімізде қазақ қыздарының қытай жігіттеріне тұрмысқа шығуын қоштамайтындар көп. Қытай ұлтының өкілімен бас қосқан Айжан Райымбекова бұған біржақты қарсы адамдарға өз көзқарасын білдірді деп хабарлайды nur.kz.
Жаңалықтар
Толық