Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қаратпа сөздер (Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын тақырыпшасы аясында) (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
ТАҚЫРЫБЫ: Қаратпа сөздер (Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын )
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау
3.3.7.1* қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар жасай алады:
• отірек сөздерді пайдаланып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды;
• тірек сөздер мен көмекші сөздер арқылы мәтін түрін анықтайды;
• пунктуациялық нормаларды сақтайды, үлгі бойынша сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады
Оқушылардың көбі жасай алады:
• тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды
• көмекші сөздер арқылы мәтін түрін, құрылымдық бөліктерін анықтайды;
• пунктуациялық нормаларды сақтайды, сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• өз бетінше тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды
• мәтін түрін және құрылымдық бөліктерін өз бетінше анықтайды.
• пунктуациялық нормаларды сақтайды, сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады.....
Подробнее
0 0