Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте

«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы!» Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз қанатын көкке жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда... Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздегі іргелі істермен айшықталып, сәт сайын жақындап келеді. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та Қазақстанның 20 жылда биік тұғырға көтерілуіне үлкен үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын.
Мен тәуелсіз елдің патриотымын! Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата-анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!» деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұландарының бірімін! Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!» - деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ тәулсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді, аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу. Жылдар бойы, көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елін көркейтіп, дүние жүзіне таныта білдік. Бұл үлкен – жетістік. Әрине, бұның бәрі елбасымыз Нұрсұлтан атамыздың арқасында. Әрине, бұл күн бізге оңайшылықпен келген жоқ. Осы азат күн үшін ата-бабамыз, әпке-ағамыздың қаншама көз жастары төгілді, көптеген қан төгілді. Бұл бостандықты халқымыз бұрыннан тілеген. .....
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік тұтқасы - бізге аманат

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде, небір тар жол
тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, әлеуметтік -
экономикалық, саяси жаңару жолына түскен Қазақстан
бүкіл әлемдік қауымдастықтағы өз орны, өз беделі
бар абыройлы мемлекетке айналды
Н.Ә. Назарбаев
Тәуелсіздік Қазақстанға оңай келген жоқ. Бұл жолда қазақ халқы алапат шығындарға ұшырады, мыңдаған боздақтарынан айырылды, зиялы қауымын жоғалтты. Бірақ түбінде аңсаған арманына қол жеткізді. Халқымыз ұлт ретінде жойылып кету қаупінен құтылды. Соңғы жылда елімізде көптеген ауқымды, әрі ұтымды істер атқарылды. Мемлекет нышандары өзгерді. Тарихымызды жаңғыртып, зиялылардың есімдерін қайтарып алдық.
Ата заңымыз қабылданды. Қазақстанды,оның Президентін әлем танитын болды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Мәдениет, дәстүр қайта жанданды. Кезінде шетел асып кеткен қандастарымыздың ата жұртына қайта оралуына жол ашылды.
Ел тәуелсіздігі үшін болған Желтоқсан оқиғасындағы қазақтың қайсар жастарының өшпес ерлігі әлемді дүр сілкіндірді. Тарихи бағасын алды.
Иә, осынау тәуелсіздіктің бастауы, арқауы болған Желтоқсан оқиғасы барша қазақстандықтардың жүрегінде мәңгілікке орын алып, өшпес тарихқа айналары сөзсіз.
1991 жылдан бері елімізде түрлі өзгерістер болды. Қазақстан халқымыздың ынтымағының, бірлігінің арқасында көркейіп, өсіп келеді. Еліміздің мақтанышы, егемендігіміздің қайсары Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жасында халқын сүйетінін, қорғай білетінін әлемге танытып, табындырып кетті. Ел тәуелсіздігі үшін күрескен басқа да боздақтарымыз қаншама. Оларды біздер ұмытпаймыз!
Тәуелсіздікпен бірге төл теңгеміз, әнұранымыз, елтаңбамыз, туымыз өмірге келді. Еліміз елу елдің қатарына иығын тіреп келеді. 1998 жылы Елордамыз-Астана қаласын Есіл өзенінің бойына қондырдық. Осының бәрі мемлекетіміздің мықтылығын дәлелдейді.
"Әрбір адам артында ғибратты алар із қалдырса, шынайы бақыт-осы" деп білемін. .....
Шығармалар
Толық