Еліміздің тәуелсіздігі – ұлы жеңіс

Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтықнамысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Н.Назарбаев
Еліміздің тәуелсіздігі – ата-бабамыздың асқақ армандарынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Қазақ халқы үшін XX ғасыр «тар жол, тайғақ кешулерден», соқтықпалы, соқпақсыз жерден тұратын, отызыншы жылдардан басталып, елуінші жылдардың ортасына дейін жалғасқан сталиндік геноцидті қамтитын зұлмат дүние мен талай жетістікке жеткен қуанышты сәттерді қамтиды. Қазақ елінің басынан бұл ғасырдың тартқан сыйы мен тартуы да мол, қайғы мен қасіреті де аз емес. Бұл қиындықтарға көңілі дархан қазақ елі де бетпе-бет келіп сабырлы мінез танытты. Басынан қанша қиындық өткерсе де елімнің басты міндеті мен мақсаты қазақ халқын сақтап қалу, тәуелсіздікке қол жеткізу болды. Осы қиын да қатерлі жолдан өтіп, бүгінде көкбөрінің ұрпағы 25 жыл тәуелсіз қазақ мемлекетінде өмір сүріп келеді. Тәуелсіздікпен бірге ел тарихына, көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаңалықтар қоса кірді. Ұлыбайтақ жері бар, еркін халқыбар үлкен мемлекеттің өзгеге ұқсамайтын тарихы, қалыптасу, даму жолыда ерекше болды. Ата-бабадан қалған ұлан-ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып, өзгеге көңіліміз ашық, дастақаны, қолы жомарт халық ретінде дамып жатқан еркіл елміз. Бүгін Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген өжет елдің мекені. Оның дәлелі қысқа уақыт ішінде атқарған экономикалық, әлуметтік іс-шаралар жиына. ....
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік – халықтың бақ жұлдызы

Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.
Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 1991 жыл – еліміздің тәуелсіз Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері, міне, 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдермен деңгейлес. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы – қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік мәселелерді талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын Азия барысы. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып, оқ пен оттың астында өктем биліктен шектен шықпауды сұрауы және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен, халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді......
Шығармалар
Толық