Тәуелсіздіктің ақ таңы

Қыстың бірінші күні. Желтоқсан айы. Ақ ұлпа қарға бөленген кішкентай ауылымның әсем табиғатына үнсіз ғана көз тастаудамын. Аспан төрінен шуағын шашқан алтын күн нұрымен шағылысқан кең байтақ қазақ сахарасы, ауыл халқының қарбаласқа толы, тыныш тіршілігі – бәрі-бәрі тәуелсіздігіміздің сыйы екенін тағы да бір мәрте есіме салды. Белес-белес созылған тау жоталарына қарап, тарихтың қатулы қатпарларына енгендей боламын. Сонау ақтабан шұбырындыдан бүгінгі күнге дейінгі «Елім-ай» деп еңіреп, аттары ауыздығымен су ішіп, бабаларымыз етігімен су кешкен қиын-қыстау замандардағы халқымыздың зарлы үні, үмітке толы тағдыр жолы елестейді.Иә, бұл -қазақ атты ұлы елдің қиындығы мен қуанышына, жеңілісі мен жеңісіне куә болған Желтоқсан айы. Ал, мен сол жеңісті күндердің, тәуелсіздіктің , бейбіт ұрпағымын! Мен осы таңға жету үшін қаншама тер, қаншма қан төгілгенін көзіммен көрмесем де, жүрегіммен сезініп үлгердім. Осындай тамыры тереңге созылған, 550 жылдық тарихы бар ұлы хандықтың, айбыны асқақ мәңгілік елдің ұрпағы болғаным үшін мен бақыттымын. Тәуелсіздік маған асқақ арман сыйлады, кемел болашағыма деген сенімімді арттырды және парыз бен міндет жүктеді. Ал мен тәуелсіздікке мәңгілік тағдыр сыйлағым келеді. Осы күнді келер ұрпаққа баянды етіп жеткізу де, еліміздің атын әлемге танытып, даңқын шығару да, көсегесін көгертіп, шаңырағын құлатпай, тіктеп ұстау да біздің, бүгінгі ұрпақтың, басты парызы.
Тәуелсіздік демекші, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бақуатты заман елімізге орнағаннан бері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр түрлі бағытта сарабдал саясаттар жүргізіп келеді. Менің бойымдағы Отаныма деген махаббат пен кіршіксіз адал ниет те- осы Елбасы ұстанған саясат пен шешімнің нәтижесі. Себебі, барлығымыз білетіндей тоқсаныншы жылдары тәуелсіз ел болып қалыптасқаннан кейін Президент шеттегі қазақ диаспораларын жинап құрылтай ашып және сол құрылтайда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру туралы шешім шығарып, «Көшіп келу туралы» Заң негізінде шеттегі қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғандығы айтылды. ....
Шығармалар
Толық

Жаса мәңгі, тәуелсіздік

Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаһарман
Н.Ә. Назарбаев

Бағзы замандарда бабаларымыз алдағысын байырқалап, келер күннің еншісін қашанда көңіліне түйе жүріп тұрмыс кешкен ғой. Алып аумақта атқа қонып, жұртына жайлы қоныс іздеп жортқанының өзі де елдің ертеңін ойлағандық, келешектің тереңіне бойлағандық емес пе. Ойламаса, Асан қайғы бабамыз Желмаясымен желіп жүріп жер жәннаты Жерұйықты іздеп, әрлі-берлі сабылар ма еді. Құдайға шүкір, сол “күндіз отырмаған, түнде ұйықтамаған” бабалардың тілеуі шығар, тынымсыз тірлігінің арқасы болар, алаш жұрты бүгінде әлемнің тоғызыншы территориясы саналатын алып аумаққа тамырын жайып, Жерұйыққа бергісіз жерде өрісін кеңейтіп, түтінін түтетіп отыр. Ол бүгін солай. Ал оның ар жағында, бұл қазақ жұртының көрмегені жоқ-ты. “Жайық үшін жандасып, Қиғаш үшін қырылған” кезі де аз болмады. Бодандықтың бұғауы жанына қатты батқан кезде ғой Махамбет сынды ақиық ақынның ақыра отырып, көкейдегі күйкіге толы арман-тілегін еріксіз ақтарғаны. “Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім, Жағалай жатқан сол елге, мал толтырсам деп едім…”, - деген Махамбет сынды өр тұлғалы бабалардың азаттық үшін арпалысының жақсылығын араға ғасырлар салып үрім-бұтағы, ұрпағы көрді. Осыдан ширек ғасыр бұрын ғана Қазақ елі бодандық бұғауынан құтылды. Қазақ елі......
Шығармалар
Толық

Тарих салып берген жол

Менің туған өлкем – Қазақстан. Қазақстан жері -тарихқа да, мәдениетке де, салт- дәстүр мен ғұрыпқа да, ұлт пен ұлысқа да бай көне ежелгі мекен. Бұл жердің әрбір тау-тасы да тұнып тұрған тарих. Еліміз сонау ғасырдан Керей мен Жәнібектің хандығынан бастау алып, қазіргі тәуелсіз мемлекетімізге дейінгі аралықта жетіліп, өркендеген алпауыт мемлекет.
Егемен еліміздің тәуелсіздігі – ата – бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Ежелден еркіндік аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің жиырма бес жылын тойламақ. Тәуелсіздік атты қасиетті ұғымның тереңіне үңілсек, ата – бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы мен мұратын, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтың ұрпаққа қалдырған аманатын жүрегімізбен бойлаймыз. Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылдың он алтыншы желтоқсанында Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы үшін ақ түйенің қарны жарылған мерейлі күннен бері жиырма бес жылдан аса уақыт өтті. Тарих үшін жиырма бес жыл көп емес. Ал біздің жас мемлекетіміз үшін бұл жылдар елімізді нығайтуға бағытталған үлкен істерге толы болды. Осы аз уақыт ішінде дүние жүзі Қазақстан елінің тәуелсіздігін мойындады. Еліміз әлемдік қауымдастыққа, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Әр азаматын жігерлендіретін Әнұранымыз, мақтаныш сезім ұялататын Елтаңбамыз, ерлікке жетелейтін Туымыз, экономикалық дербестігімізді танытатын төл теңгеміз бар. Әлем картасындағы «Қазақстан Республикасы» деген атау еліміздің әр азаматының төл құжаты іспеттес. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзіндегі барлық елдерге түгел дерлік танылды. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, салт – дәстүрдің, ұлттық сананың тірегі. Тәуелсіздік – орындалған арман. Қазақ халқы ежелден – ақ үш нәрсені қасиет тұтып өтіпті. Соның бірі Отан мен туған жер екен. Қазақтың біртуар ақыны Қасым Аманжолов: .....
Шығармалар
Толық