Алтын тұғыр – Тәуелсіздік

Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды
етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халық-
аралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне
қызмет етуге парыздармыз
Н.Ә.Назарбаев
Ең бірінші, шүкіршілік ететінім – Тәуелсіздігіміз! Тәуелсіздік – тәңірім мәңгілікке мөрін басқан қазақ халқының төлқұжаты. Бүгін де тәуелсіздігімізге, азаттығымызға, дербестігімізге 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсыншы тек! Сонда ғана барлығы осының аясында жүзеге асады. Арайлап атқан алтын таңның, шуақты күннің, алаңсыз қуаныш пен бақыттың, еркіндіктің қалай келгенін үлкен жауапкершілікпен сезінем де, күңіренем... Азаттық жолында көп қан төгілді – ау. Бұл жолда бұған дейін қаншама ұлтшыл батырларымыздың көтерілісі болып өтті десеңші. Бірақ, өз нәтижесін бермесе де, олар – ел қамын ойлап, еркіндікке ұмтылған батырларымыз. Көп жыл бойы сары орыстың боданында болсақ та, қазақ халқы – тілін, дінін, мәдениеті мен әдет – ғұрпын ұмытқан емес. Себебі, қазақ текті ұлт және арғы бабамыз рухты болған.
1986 жылы желтоқсанда «Жаңа алаңға», яғни «Брежнев» алаңына жиналып, жастардың көтеріліске шығуы, соңғы сенім, соңғы үміт, ақырғы бас көтеру болды. Ызғарлы желтоқсанның суығына тоңып, ақ қарға қаны төгіліп, аяусыз жазаланып, құрбан болған апа – ағаларымыздың өр рухы мәңгі өшпейді. Бостандыққа ұмтылған Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды белсенді, ұлтшыл, жалындаған жастарымыз жастайынан қыршын кетті. Барша жастардың сол кездегі тілегі мен бір – Тәуелсіздік.
1986 жылы 17 – 18 желтоқсан аралығында өткен бұл көтеріліс тарихта - «Желтоқсан көтерілісі», - деп, ойып тұрып жазылды. Сол кезде кегі мен қаны кеткен, қаншама боздақтар мен бүгінгі тәуелсіздік ұрпақтары үшін, Желтоқсан оқиғасы – қайғы мен қуанышты қатар әкелді. Бұл көтерілістің шығу себебі:ең бірінші, қазақ компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаевтың орнына, халыққа ескерту мен ақылдасусыз билік басына басқа ұлт өкілі Геннадий Колбинді тағайындауы және қазақ жастарының тәуелсіздігімізге ұмтылысы еді. Ереуілде болған жастарымыздың барлығы тұтқындалып, жала үстіне жалған жала жабылып, ақталу мүмкіндігі мүлде болмады. Бірақ, ұлтшыл азаматтарымыз өздерінің не үшін олай жасап, неге бұлай істеп жатқанын, не істегенін анық сеніммен біліп, аққа – Құдай жақ екендігін түсінді. Өз елінің қамын ойлап, мына біз болашақ ұрпақ үшін аямай жанын берген сол кездегі апа – ағаларымыздың рухына мәңгі бас иіп, мың алғыс айтамыз. Сондықтан, тәуелсіздік құрбандарын тек желтоқсан айында еске алып, бас игеніміз жарамас, әрқашан есте сақтап, тағзым етіп жүргеніміз дұрыс......
Шығармалар
Толық