Ерлік жыры – елдіктің ескерткіші

Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмыт қалмайды
ХХ ғасырдың аса маңызды, орасан зор тарихи мағынасы бар оқиғасы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістен бізді 71 жылдан астам уақыт бөліп тұр. Әлемнің мемлекеттері мен халықтары фашизмнің құлшылығынан миллиондаған адамдардың бейнеті мен құрбандылығы арқасында сақталып қалыпты. Оларды теңеуі жоқ ерліктерінің ұлылығы алдында біз бүгін басымызды иеміз. 1941 жыл 22 маусым. Қанқұйлы фашизмнің қара бұлттай қаптаған қолы ССРО-ға тажалдай төніп, тұтқиылдан тап берді. Бейғам, мамыражай тірлік кілт үзілді. Қазақстанның 1 миллион 200 мыңға жуық ұл-қызы Совет Армиясында шайқасты. Қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігі мен тапқырлығы, жауынан тайсалмайтындығы мен сұстылығы достарымызды сүйсіндіріп, дұшпандарымызды күйіндірді, қазақтар шын мәнінде жаратылысы батыр, ерлік дәстүрі қалыптасқан ержүрек халық екенін дәлелдей білді. Қазақстандық жауынгерлердің осы жеңіске жету жолындағы үлесі орасан зор. Мыңдағандары өшпес даңққа бөленді, олардың есімдері тарих бетінде алтын әріппен жазылды.
Табаны күректей төрт жыл бойы ғаламат күш қайрат көрсеткен және сұрапыл шығындарға ұшыраған Совет Одағы фашистік Германияның қуатты әскери машинасын тас-талқан етті. Төрт жыл бойы соғыс қырғыны жауынгерлердің қатарын селдіреткені, ал мұның өзі қалалар мен ауыл, селоларға «қара қағаз» болып жетіп, жесірлердің көз жасына айналып жатқаны да кешегі ақиқат. «Ерлік – елдіктің ескерткіші» деген дана халқымыз. Сұрапыл отты жылдары кеуделерін отқа тосып, бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін деп ұрандаған бар адамға «Жеңіс» деген сөз күш-қуат берді.......
Шығармалар
Толық