Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс

Ұлы Жеңіске 70 жылдан асып барады. Жеңіс деген сөзді естігенде қанша адамның жүрегі қуаныштан лүпілдеді, қанша адам қуаныштан көз жасын төкті. Кеңес Одағының халқы күндей күркіреген соғыс жылдарында 1418 күн мен түнде, бүкіл жан-тәнімен Жеңісті жақындатуға тырысты.
Қанша адам мерт болды, қаншасы мүгедек болды. Қазіргі бейбіт күннің ұрпақтары Жеңіс күнін жақындатқан, фашизмге қарсы аянбай күрескен әрбір майдангерге қарыздармыз. Менің аталарым да соғыс басталғанда ер азаматтармен бірге майданға аттанған екен. Үлкен атам Әлібек 1942 жылы соңғы хатынан кейін хабар-ошарсыз кеткен. Әбдіраман атам еңбек майданына алынып, соғыстың аяғына дейін еңбек етті. Біздің бейбіт заманда өмір сүруіміз үшін өз өмірлерін қиған аталарымды мақтан тұтамын.
Өзім оқитын мектепте Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған стенд бар. Тәрбиеші апай соғысқа қатысқан аталарыңның суреті болса әкеліңдер дегенде мақтанышпен екі атамның суретін елден бұрын әкеп бергенмін. Күн сайын мектепте олардың суреті ілулі тұрған 1-қабатқа арнайы барып, қарап өтемін. Үлкен тәтем осы мектепте тарих пәнінен сабақ береді. Тәтем айтады: жоғары оқу орнын бітірген соң өз туған ауылыма келіп мектепке орналастым. Жас маманмын, жұмыс істеуге құлшынысым зор, қайда жиналыс болса мені жібереді. 1986 жылы 9 мамыр Жеңіс күніне орай, совхоз партия ұйымының хатшысы шақырып алып, 9 мамыр мерекесіне байланысты салтанатты жиын болады, соған баяндама оқисың деді. Қолыма бір парақ қағаз берді, бұл ардагерлердің тізімі деді. Баяндаманың соңында ардагерлердің аты-жөндері аталып алғыс айтылды. Үйге қайтып келе жатқанда көрші ата: балам, жаңа баяндамаңда Жұматайды атамадың ғой деді. Мен: маған парторг берген тізімді оқыдым дедім. Ертеңіне мектепке барған соң да бір-екі үлкен ағайлар маған осы ескертуді тағы айтты. Сосын парторгке бардым. Мына кісінің атыжөні неге сіз берген тізімде жоқ? деп сұрақ қойдым. Ол кісінің сондағы айтқаны: ол тұтқынға түскен. Түркістан легионында болған. Өзім тарихшы болған соң ба, сол кісі жайлы ауылдағы ардагерлерден сыр тартамын. Таң қалғаным ардагерлер ол кісіні опасыз, сатқын санамайды, керісінше сыйлайды, аяушылық білдіреді. Ол кісі де ауылда тәп-тәуір қызмет атқарады, кадр бөлімін басқарады. Содан кейін сол кісіні көрсем өз-өзімнен қуыстанамын, сол кісіге әділетсіздік жасағандай сезініп жүрдім өзімді....
Шығармалар
Толық

Ұлы Жеңіс – тарихтың жарқын беттері

Адамзат тарихында Жеңістер көп. Бірақ солардың ішінде мән-маңызы жөнінен шоқтығы биік –Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толды.Бірақ ұлы жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды.Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қарсылықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы апаларымыз-өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды.Бұл мейрамды жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы жеңіс елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді....
Шығармалар
Толық

Ардагерлердің ерлігі көңілден кетпес

Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздерінде жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
М. Әміреұлы
Соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады. Ол туралы кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс -Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан- Анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да, оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес.
Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін,
Ұмытса да достарым,
Ұмытар ма мені елім, – деп ақын ата Қасым Аманжолов жырлағандай, елі үшін қасық қаны қалғанша арпалысқан ер мінезді ерлердің ерлігін халқымыз ұмытпақ емес, ұмытпайды да. .......
Шығармалар
Толық