Естен кетпес отты жылдар

«Қажеті жоқ... Соғыстың қажеті жоқ!
Дұрысы тірлік қылып, ізденейік.
Шынайы даңқ - еңбекпен келген атақ.
Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын».
Ги де Мопассан
Совет үкіметі орнағалы ауырлықтан бойын жаза алмаған ел үшін Ұлы Отан соғысының басталуы қиындықты тағы да еселей түсті. Совет халқы төңкерісті, одан кейінгі Азамат соғысын, аштықты, колхоздастыруды, саяси қуғын-сүргінді басынан өткізіп, енді ғана бойын тіктеп, біршама жақсы өмір сүре бастаған кезде басталған соғыс, әрбір шаңыраққа қиындықтармен бірге қайғысын қоса әкелді. 1941-ші жылдың 22-ші маусым күні таңғы сағат 4-те опасыздықпен совет мемлекетінің бүкіл шекара бойында соғыс өртін тұтатқан неміс фашистеріне айтылған лағынет шексіз еді. Соғыс басталған күні және одан кейінгі 20 күн бойы Жамбыл облысының бүкіл елді мекендерінде, мекеме мен ұйымдарында, партия, совет және комсомол ұйымдарында митингілер өтіп, санаулы күндерден кейін фашистерді совет жерінен қуып шығатындарына сенген, әрі сендірген жалынды сөздер, Ұлы қолбасшы Сталиннің ақ гвардияшыларды Азамат соғысы жылдарында күл талқан еткендей, фашистерді де жеңетініне ұрандаған сөздер барлық жерден естіліп жатты. ......
Шығармалар
Толық

Халқының ардақты азаматы

Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толады. 71 жылдан бері байтақ Отанымыздың бейбіт аспаны аясында талай ұрпақтар өсіп, ер жетті. Әрине, Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Соғыс жалыны біздің елімізге ауыр қасіретімен енді. Бірақ фашизм оты қанша жалынды болғанымен, жауынгерлердің Отанға деген сүйіспеншіліктері оттай ыстық болып, асыл азаматтарымыздың қайтпас қайсарлықтарының арқасында жау жеңіліс тапты. Ұлы Отан соғысы Ұлы Жеңіспен аяқталды. Елі, жері үшін жанын пида етіп, ерен ерлік көрсете білген ерлеріміз Егеменді ел болған Қазақстан жерінде де көптеп табылады. Солардың бірі - болмысынан әділ, шыншыл, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, жазушы Бауыржан Момышұлы. Бүгінгі жеткіншектер Б. Момышұлы жайлы сырларды қариялардың естелігінен, жазушылар шығармаларынан және де өзінің төл туындылары арқылы жақсы білеміз. Б. Момышұлы Ұлы Отан соғысы басталысымен даңқты генерал- майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар ( 8- гвардия ) дивизиясының құрамына алынып, батальон командирі болған.
И.В. Панфилов оның ерекше ержүректілігін, әскери тәжірибесін және де шыншылдық қасиетін жоғары бағалаған. Өр, өз дегенінен қайтпайтын Бауыржан Момышұлы үшін жас жауынгерлерге майдан тәртібін үйрету оңай емес еді........
Шығармалар
Толық

Жауынгер ата естеліктері

1941 жылы маусым айында бейбіт жатқан ел шетіне жау тиді. Отанды жаудан қорғау үшін әкелер мен ағалар, жауқазындай жастар, қызғалдақтай құлпырған қыздар шүберекке жанын түйіп, майданға аттанды. Майдан даласынан елге оралғандар да, хат-хабарсыз кеткендер де болды. Иә, өлгендер қайтіп келмейді. Ал мен тілге тиек отырғалы отырған қарт жауынгер, жерлес ата Қожанов Айнағұл екі мәрте өлгендердердің тізіміне ілігіп, тірі қалады. Әке-шешесіне бірінде Айнағұлдың қаза болғаны, екіншісінде хабарсыз кеткендігі туралы қара қағаз тапсырылған. 1948 жылы елге қайтып оралғанға дейін екі бірдей қара қағаз алған ата-анасы, ағайын-туыс Айнағұл атаның не өлі, не тірі екенін біле алмай дал болған. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында біз Айнағұл атаға осы екі рет «өліп», тізімге іліну себептерін айтып берсеңіз деп қолқа салдық. - Шырақтарым, бұл өзі ұзақ әңгіме ғой» - деп ата бір күрсініп, әңгімесін бастап кетті. Біз бір әулеттен соғысқа тоғыз жігіт аттандық. Содан тірі оралған жалғыз мен. Майданда елің, жерің үшін жан пида, тіпті өзіңді ерлік көрсетуге міндетті санайсың. Он жеті жасымда қан майданды көрдім. Алғашқы соғыс қадамым бронетанк әскерінің Бас қолбасшысы Ротмистровтың жауға соққы беретін танк армиясынан басталды. Осы армияның жеке барлауға арналған мотоциклицстер полкінде бізге аса жауапты әскери тапсырмалар берілді. Полк жауынгерлерінің міндеті барынша құпия жолдармен жау тылынан өтіп, тірілей «тіл» және жаудың құпия құжаттарын әкелу болатын. Барлаушымыз десек те болады. Осындай маңызды тапсырмамен жаудың тылына жиі барып тұратынбыз. Бірде бес адам жауапты тапсырмамен жолға шықтық. Бұл 1943 жылдың 12 желтоқсаны еді. Біз 18 күнде өзімізге берілген тапсырманы орындап, әскери бөлімге қайтып келдік. Жау тылына кеткен 5 жауынгерден мен және Көшекбаев Төлеухан деген аталарың екеуміз ғана аман қалдық. Он сегіз күн бой бізден хабар ала алмаған соң полк басшылары бізді қаза болғандар тізіміне қосып, елге қара қағаз жіберіпті. Міне – бұл менің бірінші «өлгенім». ......
Шығармалар
Толық