Атамның рухына арнаймын

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса,
Жарасар қамзол сұлу, белін қиса.
Шорманның Мұстапасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса.
Адамдар үшін кейде бір әннің өзі өмірінің мәні, естеліктер қоймасының кілті сияқты болатыны бар. Біздің әулетіміз үшін ол - «Ақ сиса» әні. «Ақ сисаны» менің атам жақсы көруші еді, қоңыр дауысқа салып айтып та жүретін еді. Менің атам Оспанов Тұрсын – Ұлы Отан соғысының ардагері, Баянауылдың құрметті азаматы. Тұрсын атам 1922 жылы Баянауыл ауданындағы Қарақуыс деген жерде, қазіргі Қарабұлақта дүниеге келген. Атама дейінгі аға-қарындастары дүниеден қыршын кезінен оза берген, сондықтан ата-анасы ырымдап, атын «Тұрсын» деп атаған. Атамның өмірі жетімдік пен бейнетке толы болған: анасы Бибігүлден 1213 жасында айырылады, сол күннің кешіне қарай қарындасы қайтыс болады, ал бір-екі айдан соң әкесі Оспан дүниеден өтеді. Атам жетім қалады, ағасы Бөкеттің қолында өседі. 17-18 жасында 1842 жылы соғысқа аттанады, Орел - Курск Дугасында күреседі. Сосын жарақаттанып, Уфаға жіберіледі. Мылтық ұстауға қолы жарамай, мүгедек болып, өз ауылына қайтты. Атамды Бөкет ағасы қарсы алып, өз қолына алады, біраз бой жазып алған атам «счетовод», яғни есепші болып жұмыс атқарды. Заря колхозында, қазіргі Құндыкөлде 1943-1988 жылдар аралығында бас есепші болып жұмыс атқарды. Өз өмірінің соңғы күніне дейін адал жұмыс істеген атам 2013 жылдың 9 қыркүйегінде дүниеден өтті. Менің әкемнің іні-қарындастары атамнан соғыс жайлы сұрағанда, атам: «Соғыс деп айтпасын, жаман сөз деп айтсын» ,- деді......
Шығармалар
Толық

Қаһарман ұрпаққа тағзым

Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-Отанға деген сүйіспеншілік. Б.Момышұлы
Мен бейбіт заманның ұрпағымын.Қасіретті соғысты мен түгіл менің ата-анам да көрмеген.Елімізде тыныштық орнап, әрбір арайлап атқан таңды қуанышпен қарсы алғалы да 71 жыл.
Соғыс-адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз.Себебі соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Тарих беттерін парақтасақ адам-адам бол-ғалы осылай. Талай рет үстемдік,байлық үшін адам қаны суша аққан.Әріге бармай-ақ 50 миллионнан астам өмірді жалмаған Ұлы Отан соғысын алайық.Кімге қажет болып,не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте соғысты әділетсіздік,жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Ол сонысымен лағнетті.Қарапайым халыққа қасірет әкел-ген,қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңіске жеткен емес.
Таң алдында,тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен бірге адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды.Сол күні жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ.Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты.Қырда қойшы қойын тастап,таягын винтовкаға айырбастады,ойда диханшы трактордан түсіп,танкіге отырды.Ол кезде бүкіл ел сол-дат болды.Сол жылдардың біз секілді бозбала,бойжеткендері ақын болуды,инженер болуды,оқымысты болуды армандаған еді.Алайда олардың армандарының қанатын сұм соғыс қырқып түсірді.....
Шығармалар
Толық

Соғыстың салған жарасы

Мен – Данияр Айданамын. Менің атам – Ахметов Данияр соғыс басталғанда небәрі бес жаста екен. Әжем – Ауанова Шаһар 1941 жылдың қыркүйегінде дүниеге келген. Олар - соғыс көрмесе де, оның сұрапыл салқынын өз жүректерінен өткізген жандар. Әжемнің ағасы – Ауанов Әзімхан, яғни түп нағашым 1921 жылдың 1 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Жөлек ауылдық округінде туылады. 4 сыныптық білімі болған. Нағашы атам соғысқа кеткенде, әжем әлі есін білмейтін сәби екен. Содан тілі шығып, есі кіре бастағаннан майданға кеткен бауырының аман қайтуын тілейді. Анасы Мәрия әжеміз екеуі қашан көзі ұйқыға кеткенше күбірлеп, жаратқанға жалбарынады. Әзімхан ата 1942 жылдың 29 мамырында 393- атқыштар полкінің құрамында ұрысқа кірген. Сол жылдың 20 маусымында жау қолына тұтқынға түседі. Оны тұтқыннан 1945 жылдың 9 мамырында Кеңес әскерлері босатады. 1945 жылдың маусымынан 1946 жылдың мамырына дейін 138 атқыштар полкінде әскери қызметін жалғастырады. Елге 1946 жылдың 10 шілдесінде келеді. Ешқандай жарақат, контузия алмаған деп жазылған құжаттарында. Ол туралы білетін аз – кем дерегіміз осы ғана. Атам елге келген соң үйленіп, балалы-шағалы болады. Үш ұл, үш қыз тәрбиелейді. Шиелі аудандық тұтынушылар одағында ұзақ жылдар абыройлы қызмет атқарады. Көзін көрген кісілердің айтуынша, ол өте сауатты, орысша, қазақшаға бірдей, өз ортасына беделді адам болған....
Шығармалар
Толық

Болмасын қайта қантөгіс

«Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?»
Сырбай Мәуленов
Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 71 жыл! 9мамыр – бұл мыңдаған саналы жаңа ұрпақ үшін ортақ қуаныш. Бұл мерейтой – біз үшін де ұлы күн! Ұлы Отан соғысы біздің әрбір соғыс тауқыметін көрген ата-әжеміз үшін жүрегіне өшпестей қара іздерін қалдырды.Ер есімі - ел жадында мәңгіге.Біз батырларымызды мақтанышпен әнге қосып жырлаймыз.Себебі, Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге осындай өмірді сыйға тартты. Бұл жеңіске қол жеткізудің сыры Отанға деген сүйіспеншілік пен қайтпас қайсар ерлік, сын сағаттағы патриоттық сезімдерде жатыр.....
Шығармалар
Толық

Жеңіс күні –халық тойы

Соғыстың қажеті жоқ! Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын.
Ги де Мопассан
Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер,Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров,партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдиннің есімі көпке танылды. Қазақстандық әйелдер — Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова батырлықпен аянбай шайқасып, біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған.Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде менің туған жерім- Жезқазған жерінен демайдан шебінде болып, Отан үшін ерлік көрсеткен ардагер-батырлар аз болмады.
Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір батырымызды біз ешқашан ұмытпаймыз......
Шығармалар
Толық

Шын жеңіске жеткен елім

Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды.Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Б.Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із жазылмас жара қалдырды» деп өз ойын айтып еді Ұлы Отан соғысы халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысты.
Бұл оқиғаны біз жүрегімізден алып тастай алмаймыз.Отан қорғауға ерлер мен әйел-дердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдерде Отан үшін күресіп, жауға қарсы тұрды. Шығыстың екі батыр қызы М. Мәметова мен Ә. Молда- ғұлова осы соғыстың батыр құрбандары болды. Халықтың басына қиын қыстау кез туғанда М. Мәметова жане Ә. Молдағұлова сияқты біз көмектесуге, күресуге дайынбыз.1418 күнге дейін созылған Ұлы Отан соғысы Қазақстан тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі. Соғыстың барлық ауыртпалығын қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Олар рейхстагқа Жеңіс туын тіккен болатын. Бөлімшенің жауынгерлері мен офицерлері қазақ халқының батырларын зор құрметпен жерледі.
Ата – бабаларымыз майданға жан аямай арпалысты. Олар біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған жеріміз үшін, туған тіліміз үшін жауға қарсылық білдіріп, үлкен ерліктер көрсетті.Біз енді осы ата – бабаларымыздың үмітін ақтауымыз керек. Себебі, болашақ біздің қолымызда..........
Шығармалар
Толық

Шын жеңіске жеткен елім

Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын қасірет. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радио, телехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта отырып бізге жеткізді.
Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9 мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыстың күн мен түндерінде бүкіл жігерімен жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерлерге қарыздармыз.
Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс! Бұл екі сөз бірін-бірі толықтыра түседі.
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.......
Шығармалар
Толық

Ғасырды көрген данышпан

Сан қилы саяси және әлеуметтік қайшылықтар мен дүрбелең үстінде өткен ХХ ғасыр адамзат санасында жойқын соғыстарымен де сақталары сөзсіз. Өйткені, бір ғана Екінші дүниежүзілік соғыстың өзі қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітті. Жалпы, үлкен тарих тұрғысынан алғанда азғантай мерзім болғанымен ұзақтығы жағынан төрт жылға жуық, нақтылап айтқанда бір мың төрт жүз он сегіз күнге созылған Ұлы Отан соғысы өзінің ауқымы мен қилы-қилы оқиғаларға қанықтылығымен тұтас бір дәуірге тең. Өйткені, ол сан миллион адамдардың өмірін қиған, жер бетінде бұрын - соңды болмаған ең зардапты, әрі қантөгісті зор соғыстың бірі болған еді.
Өткен ғасырдың басында он бес одақтас республикадан құралған «мызғымас» одақ едік. Оны бәрімізге ортақ Отан дедік. Қазығын Германияда қаққан фашизм тұтқиылдан шабуыл жасағанда, қиырдағы Қазақстан жұртшылығы да сол Отанды қорғауға өре түрегелді. Мәскеудегі басшылар мұны Ұлы Отан соғысы деп жар салды. Тарих беттеріне солай деп жазылды. Коммунистік идеология «Әділет біздің жақта біз жеңеміз!» деп ұрандатып, қан майдандағы жауынгерлерді, тылдағы еңбеккерлерді жігерлендірді. Иә, ауыр азапты бес жылдан соң біз жеңдік. Бірақ, қандай шығынмен десеңізші?! Қаншама жас қыршын кетті?! Тіптен, бір отбасынан 4-5 жанды майданға аттандырғанда, кейін солардың тым болмаса бірі елге дін аман оралмаса, не дейсіз?! Қаншама шаңырақ қаңырап, күйреп ортасына түсті?! Ана жесір, бала жетім қалды. Олар отағасы қапияда кетті дегенге сенбеді. Үнемі ұзын жолдың бойына телміре қарап, күндерін, айларын, жылдарын зарыға күтумен өткізді. Қашан оның қабірін көздерімен көріп, көңілдері суығанша үміттерін үзбеді......
Шығармалар
Толық

Мәңгілік рух өшпес даңқ

Жеңіс!
Бағаң сенің қымбат еді не деген!
Ерлік бар ма ел бағасын білмеген?
Ол- батыры, қаһарманы халықтың,
Ерлігіне лайық бағаланса демек ем!
А.Бақтыгерей
1941 жыл 22 маусым. Таңғы сағат төрт. Отыз тоғыздың тамызында шабуыл жасаспау туралы келісімді бұзған фашистік Германия соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Бір-ақ күнде бейбіт өмірдің астан-кестеңі шықты. Бар тірліктің шырқы бұзылып, сол кездегі Кеңес Одағының азаматтары қолдарына қару алып майданға аттанды.
Әлем тарихына қанды әріптермен жазылған екінші дүниежүзілік соғысқа жаһан халқының сексен пайызы қатысты. Соғыс өрті қырық мемлекеттің жерін шарпыса, жүз он миллион адам соғысқа қатысты. Қазақстаннан майданға бір миллион екі жүз мыңнан аса әскер алынды. Ұлы Отан соғысы ежелден даңқы шыққан қазақ халқының қаһармандығын күллі әлемге кеңінен паш етті. Сұрапыл соғыста Бауыржан Момышұлындай даңқты қолбасшы, Талғат Бигелдиновтей қыран ұшқыш, Нұркен Әбдіров, Төлеген Тоқтаровтай ержүрек жауынгерлер, Әлия мен Мәншүктей батыр қыздар жауға намысын бермеген ер халықтың даңқын асырды. Ел басына күн туған осынау қиын-қыстау жылдары қырық екі мыңнан астам атыраулық жауынгерлеріміз де бейбіт те, бақытты болашақ үшін күресті. Бұл соғысқа біздің Мұқыр ауылынан да жүз жиырмадай азамат қатысыпты.......
Шығармалар
Толық

Нағашы атамның естелігі

Ата мен әжемнің ойлы әңгімелерін ұйып тыңдап, санаға тоқығанға не жетсін?! Нағашы атам Қазиев Оржанның да кеудесі сыр сандыққа толы.Ол үнемі бізді әңгімеге тартады.Солардың бірін паш етейін.
Ұлы Отан соғысы басталғанда мен бес жастағы бала едім.Бір күні біздің ауылдың ортасына көп атты кісілер жиналды.Ауылдың бар адамы жиналып шулап, жылап жатыр. Тіпті, үлкен шалдарға дейін кемсеңдеп,әлдебір ағалармен қимастықпен қоштасып, «қарақтарым,жортқанда жолдарың болсын, Қыдыр баба қолдап жүрсін» деп бата қылып шығарып салып жатыр екен.Мезгіл желтоқсан айының іші болса керек.Жерде қар бар. Көк атты жортып,ауылдан ұзай берді.Бір кезде менің ағам Қазиев Серғазы астында өзіміздің жүйрік жирен бие,қайырылып шауып келіп мені ат үстіне көтеріп алып, сүйіп-сүйіп: «аман бол,әлі ертең сен жігіт боласың»деп маңдайымнан иіскеп,қайта жерге түсіріп манағылардың артынан шауып кетті.Ауыл адамдары кетіп бара жатқандарды көз ұшына шығарып салмай,үйлеріне қайтар емес.Мен де тосын жайға таңырқап, есік алдындағы күлдің үстіне жалаңаяқ шығып тұрғанмын.Соны байқаған ағайым мені қимай, аяп оралған беті екен.Әлі есімде.«Мына ит тоңып қалды ғой» деді.Бұл мен көрген бір көрініс.Ол кезде біздің ауыл №17ауыл совет деп аталады.Үш кішкентай Социнал, Коммуна, Чапай атты колхоздардың басын құрайды.Орталығы біздің ауыл-Коммуна колхозы.Ол кезде біздің ауыл Мақат ауданына қарайды.Әскери комиссариат Доссорда. Жаңағы кеткендер сол жерден аттарын қайтарып өздері майданға аттанбақ. Кейін есейгенде естігенімдей бұл кеткендер шамасы 25 адам болса керек......
Шығармалар
Толық