Ерліктерімен аңызға айналғандар

Ұлы Отан соғысы еліміздің басына ауыр қасірет пен бейнет, азап пен қайғы алып келді.Аналарымыз жылап, бауыр еті балаларын майданға аттандырып, өздері ауыр жұмысқа жегілді. Жеңгелеріміз қимас ерлерін соғысқа шығарып салды. Сәбилеріміз ел басына төнген мына бір қасіретке көндіге алмай, жәутеңдеп қала берді.Ауыл өмірі сондай бір жұпыны, көңілсіз күй кешті. Әйелдер мен қарттар, қабырғасы қатпаған жеткіншектер күн шықпай егіс басына барып, күн ұзақ егін егіп, майданға азық дайындаған. Қас қарайғанда шаршап келіп, сүлделері құрып, омақаса құлаған. Оның үстіне майданнан күнде бір үйге қара қағаз келіп, онсыз да қоңыр ауылды күңірентіп, жоқтаумен тітіркендіріп жіберген. Иә, майданға ұлдарын аттандырған ауылдың тіршілігі осындай болғанмен, майдандағы аға-әпкелеріміз өз борыштарын абыроймен өтеп жатқан. Олар қазақтың қайсар халық екенін дәлелдеп жатты. Еліміз бұл соғысқа бір миллион 366 мың адамды атттандырған. Олардың 5183 қызкеліншектер болған.
Жалпы республикамыздан 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және 2 артиллериялық , 4 минометтік, 3 аавиациялық полк, 14 жеке батальон құрылып, майданға жіберілген. Осындай дивизиялардың бір тобы батыс майданы құрамына еніп, Мәскеуді қорғауға қатысты.......
Шығармалар
Толық