Сұрапыл соғыс жылдары

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында сұрапыл соғыс жылдарында өз Отанын фашистік басқыншылардан аман алып қалған біртуар батырлар туралы материялдар жариялайды. Кеңес дәуірінде қазақ халқынан шыққан сан мыңдаған батыр ұл – қыздардың ішінде есімі елге ерекше таныс батыр апаларымыздың бірі – Хиуаз Доспанова.
1922 жылдың мамыр айының 15 – інде Атырау облысында дүниеге келген Хиуаз – Ұлы Отан соғысында әскери ұшақпен аспан төрінде майдан салған ерлігімен танылған, ал соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарман қызы.
Оның жастық шағы мен өмірінің басым бөлігі мықты насихаттық идеологияны ұстанған Кеңес заманымен тұспа – тұс келді. Басқа – басқа, Кеңес өкіметінің кезінде Одақ үшін отқа да, суға да түсуге бар жанкешті ұрпақ тәрбиелей білгендігін кімде болса мойындайтыны хақ. Хиуаз да Отанын шын сүйген сол кездегі албырт жастардың бірі болатын. Кеңес заманындағы авияцияның жетістіктері мен ұшқыштардың сан түрлі ерлік істері жөніндегі үгіт – насихат қазақ қызының да осы салаға деген ынтызарлығын оятқан. Осындай ой – қиялдың тұңғиығында жүрген қағілез де пысық қыз ақыры дегеніне жетіп, 1940 жылы мектепті үздік деген бағамен бітірген. Ол тек мектепті ғана тәмәмдап қоймай, запстағы ұшқыш деген куәлігін қоса ала шығады. Енді өзінің ұшқыш болатындығына сенімі нығая түскен, оқудан соң тура Мәскеуге жол тартып, Жуковский атындағы әскери – әуе академиясына түспек болған оның алғашқы қадамы сәтсіз болды. Бұған налыған Хиуаз ба? Ол бірден Мәскеудің бірінші медициналық институтына түседі. .....
Шығармалар
Толық