Отан деп соққан жүрегі

Жатқанда Отан жері отқа жанып,
Тұрғанда туысқандар жауда қалып,
Жеңбесек, жойқын қайрат шығармасақ,
Жігіттің неге жүрміз атын алып?!
Жұбан Молдағалиев
1941 жылдың 22 маусымның таңы шапағат атып келе жатқан шағы еді... Дала құлпырып көк майса шалғын қыз көйлегіндей желкілдеп, құрбақа шұрылдап, құстары тамылжыта ән салып, шегірткесі шырылдап, адам баласы қолымен жасай алмайтындай табиғи симфониялық таңғажайып кез еді. Осындай мамыражай кеңістік тыныштығын кенеттен шыққан мотоциклдің, машинаның және танктың қосыла шыққан гүрілі әлем-тапырық етті. Бұл - басқыншы Германияның Кеңес Одағына жарияламай, тарихта болмаған күшпен басып кіруі еді. Бұл кезеңде қазақ елі Ресей мемлекетінің отаршылдығында болатын. Жалғыз қазақ емес, тағы да оннан астам мемлекет Ресейге бодан еді. Сол уақыттағы идеологиялық саясат өте қатты қарқынмен жұмыс істегені соншалық, осы соғыстың алдында ашаршылықтан қазақтың жартысы қырылғаны, жазықсыздардың репрессияға ұшырап, атылып түрмеге қамалғаны, тағы басқа зардаптарға қарамастан сол сәтін "ең бақытты елдің азаматтарымыз" деп мақтаныш тұтты. Ақиқатты білетіндер болса, олар үнсіз қалды. Өйткені, қылышынан қан тамып тұрған қанішер Сталиннің жандайшаптарынан зәрезап болғандар бір-біріне сөз айтудан үркіп сақтанатын.......
Шығармалар
Толық