Ерлікке тағзым

Мен мектеп табалдырығын аттағаннан бері алғашқы ұстаздарымның аузынан бейбіт өмір, тыныштық, бейбітшілік деген сөздерді естідім.Осы сөздердің терең мағынасын өсе келе білім алу барысында ұқтым. 9 мамыр қандай мереке екенін түсіндім. Бастауыш сыныптарда ана тілі пәнінен, жоғары сыныптарда тарих пәнінен ұлы отан соғысы туралы білдім. Соғыс деген сөздің өзі жан түршіктіреді екен. Бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған ұлы отан соғысында жанын пида еткен қаншама аға апаларымды білдім және білемін. Ұлы Отан соғысы.Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Иә, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ кеңес халқы жан-тәнімен отанды қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталып армандары орындалды. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында да Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып жесір, бала әке - шешесін жоғалтып тұл жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама әйелдер мен балалар айуандықпен азапталып өлтірілді. Ал, тылда қалған қарт аналардың бесіктен белі шықпай жатып балалары соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп еңбек етті. Бірақ ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың бойындағы отаншылдық сезімі, қолына қару алып сапта тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі жеңісті жақындата түсті. Ұлы отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1428 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты......
Шығармалар
Толық