Абайды оқы, таңырқа

Табиғат сүтін сан ғасыр бойы арда еміп, бұлықсып ерке өскен қазақ халқының тарлан тарихындағы ұлы құбылыс-хакім Абай. Қайырлы сөз ұққанның жүрегіне нұр құя білетін майталман ақын-қазақ халқының бағытынан айнымас тұсбағары,түзу қалам-қисайған, өткір қалам-мүжілген дүрбелең дәуірлерде надандық бұлтын сейілткен сөнбес жарық күні. Ақын болмысын халық санасында мәңгілік жаңғыртатын қаламынан туған қуатты жырлары ғана емес, қаламгер турасында жазылған зерделі сөз бен ұлы шығармалары деп білемін. Өлең сөздің патшасын қиыннан қиыстырған ұлы ақынға ой теңізі терең Торайғырдың Сұлтанмахмұты да:

\Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге,-деп ақбейіл шумақтарын арнаған. Жыр сүлейі Сұлтанмахмұттың «Ер Тарғын», «Қобыландыны» оқып байқа, Абайды оқы, таңырқа басыңды шайқа,-деп өскелең ұрпақты Абайдың жыр жайлауына беттетуі тегін емес-ті. Шынында Абай әлемі оқыған сайын көкірек көзіңді ашып, кеудеңді хикметке бөлейтін түпсіз мұхит, шексіз ғалам. Жыр алыбы Жамбыл «Ақындардың Пайғамбары» деп баға берген ойшыл ақын-халқымыздың ғасырлық идеалы. Оның іші алтын, сырты күміс өр өлеңдері мен қастерлі қара сөздері қай кезеңде де құнын жоймаған. Қазаққа қара сөзге дес бермеген ақын: «Сендер кетсеңдер де, мен біржола кетпеймін. Сендер бүгініңмен, мен алдағы келешекпен өмір сүрдім. Ол күндері артқа қалдырған ісім мен сөзім мені қайта тірілтер»,-деген екен. Дана Абайымыздың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындадық. Себебі, ұлы ақын шығармаларында жеке тұлға мен қоғамды толғандыратын барша сұрақтың жауабы бар. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған талапты жанның Абай шығармаларынан сусындағанда адамшылықтың асыл қасиеттері, білім-ғылым, махаббат, салт-жоралғы, заң тұрғысынан алса да шөлі қанары анық. Асылы, Абай өлеңдері халқымыздың бойына тас кенеше жабысқан адамзатты бұзатұғын жалқаулық, көрсеқызарлық, дүниеқоңыздық, күндестік, өтірікші, мақтаншақтың сынды мінездерді түзетуші. Бүгінде елімізде білімге ұмтылыс болғанымен, қазақтың Абай көріп, сынаған жасанды жаны қаншалықты өзгерді? .....
Шығармалар
Толық