Фариза Оңғарсынова (Бір құдірет бар дейді)

Бір құдірет бар дейді асқан дана,
қайда онысы Жерде ме, аспанда ма?
Құрығы ұзын деседі сол біреудің
дөп тиетін бұққанға, қашқанға да.
Қайда өзінің мекені? Ұлы ма анық?
Жарылқағыш адам ба нұры жарық?
Тірі жанға көрінбей отыр ма әлі
жалғыз өзі аспанға шығып алып?
Қүнге қызып жатыр ма, қарап Айға,
әлде бір кез жерді де аралай ма?!....
Өлеңдер
Толық