Ыбырай Алтынсарин - тұңғыш педагог

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысының Затобол ауданында туған. Ыбырай Алтынсариннің өз әкесі ерте қайтыс болғандықтан, ол ұлы атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі. Балғожа би өзінің сүйікті немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға береді. Балғожа би немересінің білім алуын, оның ішінде 52 орысша білім алуын жақтаған, өз кезінде прогресшіл адам болған. Ыбырай Алтынсарин мектеп білімімен қанағаттанып қалмай, дүниежүзі әдебиеті классиктерінің шығармаларын өз бетімен оқып, одан үлгі нәр алады. Сабақ берген шығыс зерттеушісі В.Григорьевтің үйінде жиі болып, оның кітапханасынан көркем әдебиет, тарих, философия кітаптарын үнемі оқып, білімін тереңдетеді. Оқуын үздік бітіргеннен кейін, Ыбырайға Орынбор бекінісінде қазақ балалары үшін мектеп ашуды тапсырады, сол мектепте оны орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады.

Мәтіндер
Толық

Депутаттар Астанаға президенттің есімін беру мәселесін қайта көтерді

Конституцияға енгізілетін өзгерістер талқыланып жатқан парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Астанаға президенттің есімін беруді тағы көтерді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.
Жаңалықтар
Толық

Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық шығармалары

Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей........
Рефераттар
Толық