Сара Назарбаева Алпысқызы (1941 жылы 12 ақпан)

Сара Алпысқызы Назарбаева Үлгілі жар, аяулы ана, "Бөбек" қорының негізін салушы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген.
Сара Назарбаева Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан. Инженер-экономист мамандығы бойынша білім алған. 1994 жылдан "505 — Қазақстанның балалар ауылы" қорының, 1999 жылдан "Демография" қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы қызметін атқарды.
Бірінші ханым небәрі бес жасында анасынан айырылып, сәбидің махаббатсыз, жақын адамының қамқорынсыз жетілуінің қаншалықты қиын екенін біліп өседі. "Бөбек" қорының дүниеге келуіне де осы нәрсе себепші болған.
Бірінші ханым Нұрсұлтан Әбішұлымен қалай танысты?
"Бала күнімде құрдастарымнан ешбір ерекшелігім болмады. Қарапайым кеңестік мектепте білім алдым. Оқу орнын тәмамдаған соң комбинатта жұмыс істей бастадым. Нұрсұлтан Әбішұлымен осы комбинатта таныстым", — дейді бірінші ханым.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық