Туған күнге тілектер (досыма, әкеме, анама, ағама, әпкеме, ініме, бауырыма, атама, қарындасыма, әжеме)

Туған күнге тілектер (досыма, әкеме, анама, ағама, әпкеме, ініме, бауырыма, атама, қарындасыма, әжеме)

Мына өмірдің тек жақсылығын көріп, бақытын сезіне білген адам ғана өмірде шынайы бақытты болады. Бәріміз өмірге келгеніміз үшін бақыттымыз. Жарық дүниеге келудің өзі зор мүмкіндік. Олай болса бір-бірімізге деген жақсы тілектерімізді аямайық.
 
Өмір жыры таусылмасын мәңгілік,
Тұрсын алдан арайланып таң күліп,
Бақыт болсын әрқашанда жолығар,
Шаттығыңыз тау суындай молығар.

Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың,
Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!

Ақты ақ деп айтатын, қараны қара деп айтатын ақылды досты тіледім... Жаныңа жалау болатын, сөзіңе қалам болатын жанашыр жанды тіледім! Көзінде от бар, сөзінде оқ бар қайсар бауырды тіледім! Сырыңды шашпайтын, сандығыңды ашпайтын адал жандарды тіледім! Жалғызсыратпайтын, орынсыз мұң айтпайтын биіктегілерді тіледім... Шыңнан құлатпайтын, жаныңды жылатпайтын мейірімділерді тіледім... Себепсіз xабарласатын, есепсіз араласатын асыл жандарды тіледім! Айтқызбай ұғып жүретін, қадіріңді біліп жүретін іні-сіңіліні тіледім! Маңдайтан сүйіп тұратын, сен үшін күйіп тұратын аға-апаларды тіледім! Қолдары ашық болатын, жаныңа ғашық болатын мырза жандарды тіледім! Бақытты, байлықты, екі дүниенің абыройы, барлық заңғарды тіледім! Бұл менің сіздерге айтар ақ тілегім!
Подробнее