Қамшы

Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бірнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрілген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал. Қамшының өрiмi сабынан бір жарым еседей ұзын болады. Қамшы құрал болумен қатар қару ретінде қолданылған. Өрiмшi қамшының таспасын жiңiшке не жуандатып, кейде өрiмге талшық сымтемiр салып өрген. Ондай қамшылар ыңғайына және қамшы иесiнiң қалауына қарай өрiлiп отырған. Қамшы саптан, өрiмнен және бүлдiргiден тұрады. Саптың қолға ұстар жерi былғарыдан қапталады. Кейде қайыстан өрнектелiп өрiледi. Қамшы өрудiң....
Шығармалар
Толық

Ұста

Ұсташебер, ісмер адам. Түрлі материалдардан тұрмысқа, күнделікті өмірге қажетті заттар, бұйымдар жасаған. Ұстаның негізгі құралдары: көрік, төс, ерітетін ожау, балғалар, көсеу, бұрғы, қашау, егеу, шеге, сым, қалыптар. Ұста қалыпта құю, соғу, шегендеу, қара бағдар қондыру, зер жүргізу, сіркелеу сияқты тәсілдерді қолданған. Қазақстан аумағындағы ұсталық өнер қола дәуірінен бастап кеңінен дамыған. Жасайтын материалына не бұйымына қарай дәстүрлі қазақ қоғамында ұсталар мүйізші, ерші, тоқушы (шыбық тоқушы), ағаш оюшы, сазгер, майдагер, мыскер, балғашы, таспашы, бәдізші, темірші, т.б. болып........
Шығармалар
Толық

Ұсталық кәсіп

Ұсталық кәсіп – ертеден келе жатқан кәсіп түрі болып табылады, ол көшпенділер өмірінде халықты шаруашылық және тұрмыстық маңызы бар бұйымдармен қамтамасыз еткен.

Ұсталар селебе, жекеауыз, найзаның үш қырлы ұштарын, жебелердің екі қырлы және төрт қырлы ұштарын, тіпті білтелі мылтық соғып, құйған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысының өзінде Қазақстанда жез ыдыс (шәйнек, леген) жасаған. Осы кезеңде жер жыртатын құралдарға арналған шойын тіс, темір тіс; астық ору және шөп шабуға арналған орақ, шалғы.....
Шығармалар
Толық

Әйтеке би

Әйтеке биЕл басқарушы би.
Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс әскери қолбасшылық дағдыларына үйреткен.
Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды. 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты "Хан кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т.б. билердің қатысуымен 1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.
Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып....
Шығармалар
Толық