Экономика | Қазақстан жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігі: мүмкіндіктері мен тиімділігі

Астана қаласында 2007 жылғы 15- қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің VI Конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Біздің нарыққа шетелдік банктер мен өзге де ойыншылар келеді. Біздің жаңа дамып келе жатқан қаржы жүйемізбен салыстырғанда олар қолайлы орында болып тұр. Отандық қаржы нарығы бұған дайын болуы және Үкімет бұл мәселеге қамдануы керек. Жұмысты келісе жүргізу керек»,- деді.
Соңғы жылдары бізде, өзіміздің жағдайларымыздан туындайтын кез келген тұжырымдардың дұрыстығын дәлелдеу үшін нарықтық экономикасы дамыған батыс елдердің тәжірибесіне сүйену дәстүрге айналды, ал бұл танымның салыстырмалы әдісі ретінде қабылдауға болмайтын шара. Бірақ, сонда да егер осы дәстүрге сүйенер болсақ, онда бұл жерде осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын американдық Ұлттық жоспарлау ассоциациясы мамандарының мемлекеттің алдына қойған міндеттерінің мәнісін айта кетуге болар еді: «Уақыт талабына сай ғылыми-техникалық прогресс қарқыны жағдайында кәсіпкерлер және әсіресе үкімет басшылары өнеркәсіпті орналастыру мәселелері бойынша шешім қабылдауға, өнеркәсіптік қуаттың өсуіне, қорларды бөлу бағдарламаларын бағалауға тікелей қатысы бар бағдарламалық мәліметтермен өздерін қамтамасыз ету үшін бірқатар жылдарға алдын ала көз жіберуі керек». Дәл осындай міндеттердің алға қойылуы мен қарастырылуы Франция, Жапония, Туркия және көптеген басқа елдердің экономикалық жүйесі үшін де тән болады. Бұл елдерде жоспарлау нарықтық индикаторлар мен макроэкономикалық сипаттағы ірі мәселелер шешімін ұзақ мерзімдік болжау және бағдарлау арасында біріктіруші рөлді атқарған және атқарып келе жатыр.
Жапонияда мысалы, 70 жылдардан бастап, өндіргіш күштер мен өнеркәсіпті орналастыруды жетілдіру мәселелері ең алдымен елдің барлық аумағындағы еңбекке жарамды халықтың жұмыспен қамтылуын қолдау мен ескі өндіріс орындарының қайта жарықтануын сенімді түрде жәрдемдесу тұрғысынан қарастырылды. Сонымен қатар, бұл көзқарас мемлекеттің инфляцияға қарсы реттеу қызметінің маңызды бағытын білдіреді.
Макроэкономикалық реттеу жөніндегі жалпымемлекеттік шаралар арасында қаржылай- бюджеттік қорларды бөлу мен пайдалану шешуші рөлді атқарады. Бұл жерде мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігін орындаудағы шиеленісушілік әлеуметтік сала мен ғылымның дамуына жұмсалатын бюджет шығындардын шектеуге негіз бола алмайтындығын атап өту керек. Басқа елдердің тәжірибесі, бүгінгі мұндай шектеулер болашақ уақыттағы жағымсыз жайттарды тудыратындығын дәлелдейді. Бұл ең алдымен, халықтың денсаулығының нашарлауы мен тұтастай алғандағы демографиялық жағдайдың, сондай-ақ өндірістің ғылымды қажет ететін салалары дамуының бәсеңдеуіне қатысты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Футбол спортшысының жұмыс қабілетін инновациялық технологияларды қолдана отырып оқу жаттығу сабақтарын өткізуді ұйымдастыру

Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының негізгі құрамасы, олимпиадалық және жастар құрамаларының сәтті ойын көрсетуінің басты шарты барлық оқыту-машықтандыру процесін футболшылардың арнайы дене сапаларын жетілдіруге арналған тиімді құралдар мен әдістерді қолдана отырып жетілдіру.
Көпжылғы өткізіліп келген барлық педагогикалық эксперименттік байқаулар футболшылардың жалпы дене дайындығы мен техникалық-тактикалық шеберліктерінің нашарлауын көрсетіп келген.
Осыған орай, бұл мәселелер ғылыми дәрежеде, әсіресе жасөспірім кезеңдегі футболшылардың дене қабілеттерін тәрбиелеуде педагогикалық тәсілдерді пайдалануды зерттеу жұмысы барысында айқындалуы тиіс. Олай болатын себебі футболшылардың дене қабілеттері мен спорттық шеберлігінің қарқынды өсуі дәл осы сатыда, яғни олардың жасөспірім кезеңінде байқалады. Дене қасиеттерін тәрбиелеудің маңыздылығы - футболшылардың жаттығу тәсілдерін дұрыс өңдеп, қабылдай алу қабілеттілігінде, яғни мағлұматтарды өңдеу арқылы олар өз дене қабілеттері мен спорттық шеберліктерін шыңдай алады.
Жоғарыда айтылған мәселелерді қамти отырып, ғылыми зерттеу жұмысы
жасөспірімдердің жылдамдық-күш қабілеттерін педагогикалық тұрғыдан
қарай отырып, олардың дене қабілеттері мен спорт шеберліктерінің артуына
септігін тигізбек.
Футбол – тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Береке iшкi сaудa объектісі жaғдaйындa iрi қaрa мaл сoйыс өнiмдeрiн эхинoкoккoз кeзiндe вeтeринaриялы aнитaриялық сaрaптaу,

Қaзiргi зaмaнaуи әлeмдe кeз кeлгeн aдaм өзiнiң дeнсaулығын күтуiнiң қaжeттiгiн жәнe oның пaйдaлaнaтын aзық-түлiк өнiмдeрiнe тәуeлдi eкeндiгiнe көзi жeтiп кeлeдi. Aдaмдaр қoлдaнaтын aзық-түлiк өнiмдeрiнiң көп бөлiгiн мaл өнiмдeрi, сoның iшiндe eт жәнe eт өнiмдeрi aлaды. Сoндықтaн тұтынушылaрғa тeк сaпaлы eт шикiзaты мeн oдaн дaйындaлғaн өнiмдeр ұсынылуы кeрeк.
Сaпaлы eт шикiзaтын биoлoгиялық жәнe физиoлoгиялық қaжeттiлiктeрiнe сaй өсiрiлгeн, дeнi сaу жәнe вeтeринaриялық қызмeт мaмaндaрының қaтaң қaдaғaлaуымeн сoйылғaн мaлдaрдaн aлуғa бoлaды.
Бiрaқ сoңғы жылдaры мaлдaрды ұстaу жәнe aзықтaндыру тaлaптaры мoл өнiм бeрeтiн мaл эксплуaтaциясы мeн мaл ұстaудың интeнсивтi тәсiлдeрiн қaмтaмaсыз eтeтiн кәсiби бaғытқa aйнaлып жaтыр. Бұл өз кeзeгiндe мaлдың eтi, субөнiмдeрi жәнe бaсқa дa сoйыс өнiмдeрiнiң сaпaсынa кeрi әсeрiн тигiзудe.
Вeтeринaриялық-сaнитaриялық сaрaптaу хaлықты aдaм мeн жaнуaрлaрғa oртaқ aурулaрдaн жәнe мeмeлeкeт шeкaрaсын шeт eлдeрдeн мaл өнiмдeрi мeн ....
Дипломдық жұмыстар
Толық