География | Тынық мухиттағы соғыстың басталуына дейінгі Оңтүстік шығыс Азия елдеріндегі Жапонияның сыртқы саясаты

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Азия құрлығының үштен бір бөлігін алып жатыр; онда жер шарының 53% өмір сүреді. Бірақ Азқия тұрғының 90 % Оңтүстік және Оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан.
Қытай, Манчижурия, Индия , Индонезия, Индокитай, Тай, Бирма, Малайя, Ф илипин, Корея елдері 15 млн шаршы шақырым жерді алып жатыр, оның 11% құрлық. Ал бұл елдердің тұрғынының саны милиардтан асып жатыр. Бұл дегеніміз жер шарының ХХ ғ. 30-40 жылдардағы санақпен сәйкес келеді. Сондықтан Оңтүстік және Оңтүстік шығыс Азия елдерінде үлкен жұмыс күші бар. Бұл жерде сонымен қатар көптеген шикі зат рухы : темір рудасы, көмір, мұнай, марганец, хром, вольфрам алтын, никель және т.б. пайдалы қазбалар табылды. Жер шарының бұл бөлігі каучук,джук, жібек, соялық боб, күріш, пальмалық май шығарудың манаполиясына шығарылуына аз қалды. Қазақыстан мен Жапония халықаралық аренада әріптестер болып табылады. 1994 жылғы Елбасымыздың Жапонияға сапары осы ынтымақтастық тарихында елеулі маңызға ие болды. Оның барысында Н.Назарбаев Күншығыс елінің императорымен, Премьер-министірімен, жапониялық саяси және іскер топтармен кездесті. Сол кезде ресми Токио Қазақстанда іске асып жатқан құрулуларға қолдауын білдірген болатын.....
Курстық жұмыстар
Толық

Мемлекеттік қызмет | Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды іс жүзіне асыратын органдардың қызметінің құқықтық негіздері

Кіріспе
Бітіру жұмысымда қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі, қоғамдағы орны, маңызы мен мақсаты қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жөүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың маңызы өте зор екендігі белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистің құрамына жатады.
Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты экономика, қаржылар аясындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару және әлеуметтік-мәдени салалардағы мемлекет атқаратын қызметтердің рөлін төмендету сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына атқарушы органдар (атқарушы билік органдары) терминінің пайдаланылуы жаңағы көзқарастарға негіз болып отыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Жұмыстың мақсаты. Қазақ тіл білімінің жаңа бағыттағы салаларының бірі болып есептелетін «Линвистикалық статистика» (Лингвостатистика) пәніне байланысты терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тірестерін жинастыру, топтау, саралау, олардың сипатын баяндау, бұл жайында қорытынды пікір айту.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмысты жазуда тіл білміндегі тілді зерттеу әдіс-тәсілдерінен – лингвостатистикалық талдау және лексика-лингвистикалық сипаттама әдістері пайдаланылды.
Тілдік материал. Дипломдық жұмысты орындап шығу мақсатында тілдік материал (шикізат) үшін қазақ тіл білімінде және басқа да тілдерде лингвистикалық статистика бағытында жарық көрген әдебиеттер (зерттеулер, мақалалар, жиілік сөздіктер) алынды. Солардың терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері терілді, зерттелді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Кіші мектеп жасындағы дарынды балаларға қазақ тілінен білім беруді ұйымдастырудың әдістемелік негіздері

Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуна ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне,даму бағытына байланысты.
Егеменді еліміз тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып,қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асу барысында,осы тұста өз жеткіншегін жан-жақты жетілген,парасатты азамат етіп тәрбиелеу,тиісті мамандық беру кез-келген мемлекеттің естен шығармайтын негізгі мақсаттарының бірі.Қазіргі кезде орын алып отырған қиыншылықтарды,келеңсіздіктерді жеңетін де,жаңаша жол табатын да,нарықтық қатынастардың дұрыс бағытын анықтыйтын да тек іскер,білгір мамандар болатындығына дау жоқ.
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелденеді,біздің балаларымызбен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі,білім өресі биік,денсаулығы мықты өкілдері болады»-деген сенімі жай айтылған сөз емес.Бүгініг күн талабына орай білім беру мазмұны,мақсаты қайта қаралып,түбегейлі жаңартылуы тиіс.Еліміздің болашағы көркейтіліп,өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.Осыдан барып жас ұрпаққа ғылыми негізде білім беру,қабілеттерін ашу міндеті туындайды.Яғни білім мазмұнын жаңарту,үздіксіз білім беру жүйесін дамыту-өмірдің өзі талап етіп отырған бүгінгі күннің обьективті заңдылығы.
Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі тудырмайды.
Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың
иесі,оқу әрекетінің субъектісі,әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап,еңбектенетін бала деп қарастыратын,осыған орай көп қырлы құрылымды білім- тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы алынады.
«Адам ұрпағымен мың жасайды»-дегендей ,ұрпақ тәрбиесі- қай кезеңде де халықтық мәселе болған.....
Курстық жұмыстар
Толық