Салық кодексі | Мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер алымдарды есептеу және рәсімдеу әдістері

Кіріспе
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттің орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттің бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. Бюджет механизiмi -мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалыры мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттің негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы Кеңесiнің жыл сайын қабылдайтын мемлекеттiк бюджет туралы заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан егемендігінің жариялануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастардың басталуы, дамуы, Ясави

Кіріспе
Мұстафа Кемал Ата Түрік Түркия Республикасының 10 жылдығында сөйлеген мына керемет сөздері Түркия мен Түркістан, арасындағы ежелгі байланыстардың ең шынайы көрінісі болып табылады.
«Бүгін Кеңестер Одағымен доспыз, көршіміз. Бұл достық бізге керек. Бірақ ертеңі не болатынын ешкім де кесіп айта алмайды. Тура Осман империясы сияқты немесе Австрия-Венгрия сияқты бөлшектенуі де мүмкін. Бүгін қолында қыспаққа ұстап отырған халықтар уысынан шығуы мүмкін. Дүние жүзі жаңа бір деңгейге жетуі мүмкін.Міне, со кезде Түркия не істеуі керектігін білуі тиіс... біздің бұл досымыздың басқаруында тілі бір, сенімі бір, тегі бір бауырларымыз бар. Олпрға қолдау көрсетуге дайын емес. Дайындалу керек. Халықтар бұған қалай дайыцндалады? Рухани көпірлерін нығайту арқылы. Тіл-көпірі, сенім көпір негізімізді оралуымыз керек және оқиғалар бөлген тарихымыз ішінде бірігуіміз керек. Олардың бізге жақын жақындасуын күте алмаймыз. Біз оларға жақындасуымыз керек» деген....
Курстық жұмыстар
Толық

Технология | Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу

Кіріспе
Мемлекет тәуелсіздігінің ең басты шарттарының бірі дербес салық саясаты болып табылатытындығы баршаға мәлім. Егемендік қолға тиген алғашқы күндерден-ақ салық қызметіне басты назар аударылғаны белгілі. Қай кезеңде болмасын кез-келген елдің қоғамдық әлеуеті мен тұрақтылығы, экономикалық дамуы мен өркендеуі салық жүйесінің іс-әрекетіне байланысты екені белгілі. Салық ісі күрделі. Нарықтық экономика жағдайында салық ісі жоғары дәрежеде болуы тиіс.Мемлекетте алынатын салықтардың түрлері,салық қызметінің мемлекеттік салық жүйесін құрайды. Қазақсатан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына және Салық Кодексіне сәйкес экономикалық іс-әрекеттеріне байланысты мемелекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдерді бюджетке беріп отыруға міндетті. Салық комитеті біздің республикамыздағы азаматтарға салық төлемдерінің есептелуін және төленуінің тәртібін хабарлап, түсіндірулері керек, сонымен қатар бюджетке белгілі мерзімде түсіп отыруын бақылап отырулары қажет.Бүгінгі күнде салық комитеттерінің ең басты бағыттарының бірі ол қазіргі замандағы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, салықты жинауды ұйымдастыруды жетілдіру.....
Курстық жұмыстар
Толық

Мәдениет | Білім берудің демократияландырудың, ізгілендірудің, гуманитарландырудың тетігі оқушының өз әрекетінің иесі

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты.
“Білім – тұл, тілден шығып есілмесе”,- дейді Жүсіп Баласағұн. Тілдік білімді оқушының саналы әрекетін дамытатын, өмірлік қажеттілігін ақтайтын тегеурінді тетікке айналдыру үшін сол білімнің өзегінде, біріншіден, өзіндік көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыратын, екіншіден, ортаға тез бейімделу, жаңа ақпаратты түсіну, қабылдау, өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамытатын компоненттердің қатар қамтылуына назар аударыла бастады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Дамуында ауытқуы бар балалардың сөйлеу түрлерінің қалыптасуының психологиялық негіздерін анықтау

Кеміс балалар немесе аномалды балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрлішс ауытқулары бар және жаллы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномалды дегеніміз -ол апоmolоs грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны көрсетеді.
Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе - бүл міндетті түрде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулыктардағы тақырыптарды окуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді.
Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткеиі оның психикалық даму цроцессі қалыпты жағдайда өтті.
Сондықтанда, кеміс балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады.
Кеміс балалардың негізгі категорияларына жататындар:
1. есту қызметі бүзылған балалар (керең немесс саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар);
2. көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін);
3. сөйлеу қабілеті бұзылған - логопаттар;
4. интеллект немесе ақыл-ой, сана-сезімінің дамуы бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық процесті ұйымдастырудағы іс-әрекетінің ерекшеліктері

Кіріспе
Қазіргі кезеңде біздің қоғамымыздың басты міндеттері ретінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуді, соның негізінде елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерісті түбегейлі жүзеге асыруды ұсынды. Мұндай ауқымды міндеттерді шешуде мектептің рөлі зор. Мектептің басты міндеті – жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігі мен сапасын түбегейлі және батыл жақсарту, әрбір жас ұрпақты жан-жақты және үйлесімді дамытуға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Оқу-тәрбие процесінің табысты болуы көп жағдайда педагогтар мен оқушылардың жүйелі жұмыстарына байланысты. Педагогикалық процестің өте тиімді болуы үшін мынадай жағдай қажет: мұғалім оқушысын оқыту мен тәрбиелеуге ынта-ықылас білдіруі және атқара алуы оларға оқуға деген ынтызарын оята білуі тиіс. Сондықтан да мұғалім мен оқушылардың бірлескен еңбегінде олардың мүдделілігі мен жауапкершілігі талап етіледі. Бұл мүмкіндіктер Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, Е.И.Ильин, В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин секілді жаңашыл-педагогтар ұсынған “педагогикадағы ынтымақтастықтың” негізгі идеялары мен принциптерінде тұжырымдалады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Балалардың агрессивті мінез-құлқына компьютерлік ойындардың ықпалын психологиялық тұрғыда зерттеу

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазір қоғам да, қоғамдық көзқарастар да күннен – күнге өзгеру үстінде. Әрі бұқаралық ақпарат және қарым–қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарату еркіндігіне кең жол ашылуы балалардың сана – сезімі мен рухына кері әсер етуде. Қазақ бола тұра қазақ тілін ұмытып, ата – бабамыздың салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке құрылған фильмдердің еркіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз? Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек барша қауымды толғандыруда.
Соңғы уақытта қоғам жеткіншек жастағы балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік, агрессиялық, жағымсыздық, асоциалды мінез-құлықтарын қарқынды түрде зерттеуді талап етіп отыр.Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу – психология ғылымының негізгі мәселелері. ....
Курстық жұмыстар
Толық