Банк ісі | Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қалыптасуын және «Цесна банк» АҚ қаржылық нәтижесін бағалау

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде, көптеген шет елдердегі секілді, екі деңгейлі банк жүйесі әрекет етуде. Оның бірінші, жоғарғы деңгейі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып табылады. Банк жүйесінің екінші, төменгі деңгейін акционерлік банктер, яғни коммерциялық банктер құрайды.
Сөздің шындығына келгенде, әлемдік қаржылық дағдарыс отандық коммерциялық банктердің «осал» тұстарын анықтап берді, бірінші кезекте, банктердің несиелік активтеріне байланысты бірқатар мәселелерді күн тәртібіне қойып берді. Күткеніміздей, банк жүйесінің несиелік қоржының нашарлауы (банктердің өтімділігінің тапшылығымен қоса алғанда) жалпы банк секторының тұрақты қызмет етуіне және даму перспективасына ықпал ететін шешуші фактор болып табылады. Сол себепті біздің зерттеуімізде Қазақстан Республикасының банк жүйесінінің несиелік қоржынына, сапасына және оның банк жүйесінің қаржылық жағдайына әсер ету деңгейіне басты көңіл бөлуді жөн көрдік.
Банк жүйесінің несиелік активтерінің сапасының нашарлап кетуіне жеке тұлғаларға ұсынатын тұтынушылық несиелерді, яғни экспресс-несиелерге қойылатын талаптар мен шектеулердің жеңілдеуі де айтарлықтай ықпал еткені белгілі. Әдетте бұндай несиелер бойынша кепілдік берудің қажеті жоқ, оның үстіне несиелік бюролар қарыз алушы азаматтардың төлем қабілеттілігіне жете көңіл бөлмегенін ескеру керек. Коммерциялық банктер бір-бірімен бәсекелестік күрес нәтижесінде өз клиенттеріне барынша жеңілдіктер ұсынуға тырысқан болатын. Дегенмен де, қазіргі кезде банктер өз клиенттерінің несиелік тарихы туралы жеткілікті ақпараттар жинап үлгерді. Бұл алдағы уақыттарда клиенттердің төлем қабілеттілігін бағалау жүйесін жетілдіруге, нәтижесінде өздерінің активтерінің сапасын қолайлы деңгейде ұстап отыруына мүмкіндік беретін тамаша құрал болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Жасөспірімдердің жаттығу процесі кезінде жас ерекшеліктерінің алатын орнын зерттеу әдістемесі

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Жас гимнаст қыздардың иілгіштігі мен координациялық қозғалыстың дамыту әдістемесінің негіздері

Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған. Гимнасшылардың халықаралық одағы (FІG) 1897 ж. ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше.
Көркем гимнастика – спорттың бір түрі; музыка сазымен арнаулы затпен (лента, доп, шеңбер, т.б.) немесе затсыз гимнастикалық жаттығулар комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жарыс. Көркем гимнастика шұғылданушылардың дене сұлулығын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие береді. Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма би басым келеді. Көркем гимнастикадан дүниежүзілік чемпионат 1963 жылдан бері өтіп келеді . Олимпиялық ойындар бағдарламасында 1984 жылдан бар. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Мектепке дейінгі педагогика | Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау процесін жетілдіру жолдары

Зерттеу өзектілігі
Жаңа заман мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқу үрдісін қамтып ғана қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті жаңа технологияларды меңгере отырып, үнемі ұштай түсу яғни іздену үстінде. Кез келген оқу процесі қиыншылықтар мен қайшылықтар туғызып отырады. Ондай мәселелерді таным үрдістерін, есте сақтауды дамыту, көңіл-күй мәселесі, берілген білімді қабылдау, ойлауды дамыту, қиялына әсер ету сияқты факторларды оқушымен ынтымақтасқан түрде жүзеге асыру мұғалім мен мектеп психологының бірлескен қызметтеріндегі іскерлігі мен кәсіптік шеберлігіне байланысты болып отыр. Кез-келген оқу процесі болсын немесе күнделікті өмірде мұғалім балалардың жас және дара ерекшеліктерін, жеке психикалық жай-күйін бағалай алмаса, белгілі бір мақсатқа қол жеткізіп, сыныпта жақсы психологиялық ахуал жасай алмайтыны белгілі. Сондықтан қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарқындап дамуына байланысты жаңа тұлғаны қалыптастыру заман талабы. Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойын дамыту мәселесі қазіргі таңдағы педагогика мен психологияның ортақ мәселелелерінің бірі болып табылады. Осы кезеңде оқушының қоршаған болмыспен танысу ....
Дипломдық жұмыстар
Толық