Дене шынықтыру | Футболшыларды дайындаудың әдіс тәсілдері және оған берілетін педагогикалық сипаттама

Тақырыптың көкейкестілігі. Футбол - тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.
Футбол - атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың, ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік-жігерін шыңдайды.
Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана - жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс - қабілетін көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді.
Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан, климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін кеңейтуге септігін тигізеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Аспап жасау | 50000 дана тісті дөңгелек бөлшегін өндіретін дайындама-жылумен өңдеу телімін жобалау

КІРІСПЕ
Машина жасау саласы өндірісін дамытуда , негізгі сұрақ болып Қазақстан Республикасына қатысты нарықты экономика кезеңінде бәсекелестік өнімді шығаруға жағдай туғызатын, озықты әдістерді іздестіріп табу қажет.
Ғылыми-техникалық революция өнеркәсіптің барлық салаларын , бірінші жағдайда мәшине және аспап жасауды қайта қарулануға себеп туғызды. Барлық өндірістік процестерді автоматтандыру мен механизациялауды дамыту қажет.
Осылардың бәрі әр түрлі механизмдерді қолдануын өсуін туғызады, осылардың ішінен тісті берілістер маңызды орын алады.
Тісті жетектің жұмыс жылдамдығын көтеру және бір редуктор агрегатында үлкен күш қуаттардың негізделуі, тісті Берілістердің сапасын, олардың беріктіктігін, ұзақ уақыттылығын көне лайындау дәлдік көрсеткіш талаптарын едәуір қатаңдатады.
Осы негізгі сұрақтарды шешуге ең тиімді және ұтымды металдармен қорытпаларды нығайту әдістері ретінде үлкен орын термиялық және химия-термиялық өңдеуге беріледі. Термиялық өңдеу мәшине бөлшектерін, аспаптар мен жартылай өнімдердің технологиялық процестерін дайындаудағы негізгі бөлігі болып табылады. Осының арқасында олардың қасиеттері жоғарлайды, бұл мәшине бөлшектері мен құрылғылардың массасын төмендетуге, металды едәуір үнемдеуге, бұйымдардың сенімділігі мен қолданулық беріктігін жоғарлатуға мүмкіндік туғызады. Сондықтан термиялық өндеу көптеген заводтарда кең қолданыс табуда. Құрылғылық болаттарда қорытпа мен термиялық өңдеу режимін дұрыс таңдауда жеткілікті деңгейде пластикалық және тұтқырлық сппапамаларын сақтап, уақытша кедергіні 2000МПа-ға дейін және оданда жоғары мәнге жеткізуге болады.
Бұл жобаның тапсырмасы, болат 20Х2Н4А маркасынан жылдық бағдарламасы 50000 дана тісті дөңгелекті жасау үшін термиялық дайындама бөлімін жобалау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Мектеп оқушыларына банктің депозиттік ресурстық потенциялын бағалау жолдарын үйрету

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде, банктік мекеменің ерекшелігі болып, оның ресурстарының басым көп бөлігін меншікті капитал емес, тартылған қаражаттар құрайтындығында. Банктердің қаражаттарды тарту мүмкіншілігі шектеулі, және кез-келген мемлекетте Ұлттық Банк тарапынан регламенттелінеді.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа банктердің қаражаттарын салым (депозит) түрінде және оларға сәйкес шот ашу арқылы тарта алады. Банктермен тартылған қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі, олардың негізгі түрлері болып, клиентпен (депозит) жұмыс істеу процесінде тартылған қаражаттар, және де меншіктік борыш міндеттемелерін шығару арқылы тартылған қаражатттар жатады (депозиттік және жинақ сертификаттары). ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Корпоративтік журналистика

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдары – компанияның клиенттеріне, қызметкерлеріне немесе бизнес бойынша серіктестеріне бағытталған басылымдар. Кейде жарнамалық рөлді де атқара алатын тұстары бар. Бұқаралық ақпарат құралдары компанияның өз күшімен шығаруға немесе арнаулы баспаға тапсырысқа беруге болады.
Классификаторға сәйкес корпоративтік медиа және бұқаралық ақпарат құралдары үш негізгі түрге бөлінеді:
1) b2b (business-to-business) – серіктестерге бағытталған корпоративтік басылымдар. Мұндай басылымдар максимальді ақпаратты және пайдалануға ыңғайлы болып жасалады. Бұл жағдайда сапа ең жоғары деңгейде болуы керек. Тек мазмұны ғана емес, оны беру әдісі де сапалы болуы керек. Осылайша бәсекелес артықшылықтары полиграфия, дизайн, қалыптау болып табылады.
Көптеген кәсіпкерлер қазіргі медианарық жағдайында іскерлік коммуникацияның үдерісі оңай емес деп айтады. Бұқаралық БАҚ-тағы тапсырыспен жазылған материалдар белгілі бір деңгейде өздерінің беделін түірді. Жекеменшік корпоративтік журнал немесе газет бизнес-байланыстарды жайғаудың және іскерлік ортада компанияның бейнесін қалыптастырудың ең ілгерілеу құралы болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Ветеринариялық санитариялық шараларда пробиотиктерді қолданудың тиімділігін анықтау

Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы.
Қазіргі уақытта көптеген шаруашылық орындары ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды өсіруде антибиотиктерді пайдалануды ұйғарады. Оларды бактериялық әртүрлі аурулардын алдын алу және ем үшін ғана пайдаланып қоймай, сонымен қатар азықтық қосымша ретінде, жас төлдердін өсуі мен дамуын, өнімділік пен өміршендік қасиеттерін жоғарылату үшін де қолданады. Антибиотиктерді пайдалану негізінде өндірістің экономикасы жақсарып, ет, сүт, жұмыртқа және басқа да мал шаруашылығы өнімдерінен көп мөлшерде қосымша қаражат табады. Алайда бұл жағдай агробизнесте антибиотиктерді жоғарғы қызығушылықпен және шектеусіз пайдалануға әкеп соғуда. Сол себепті, әлемде мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту үшін бұл препараттарды кеңінен қолдану жоғарғы қарқынмен өсті [1]. Қазіргі уақытта дүние жүзінде жүз мың тоннадан астам азықтық антибиотиктер пайдаланылады. Мұндай озық ұстанымды алға қойған елдердің бірі АҚШ-та мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін 15 мың тоннадан астам азықтық антибиотиктер жұмсалады. Одан кейін Қытай Республикасы, Бразилия елдері мал шаруашылығы өнімдерін тек қана ішкі нарық үшін ғана емес, сонымен бірге көп мөлшерде басқа да елдерге экспорттау үшін антибиотиктерді пайдаланад ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Ауылшаруашылық кешендеріндегі ауаның санитариялық бактериологиялық жағдайын зерттеу

1.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы.
Мал шаруашылығы - халықтың азық-түлік өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыратын, сондай-ақ түрлі салаларға шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының маңызды салаларының бірі.
Қазақстан Республикасының барлық ауыл шаруашылық жерлерінің төрттен бірі мал жайылымдарын алады. Бұдан басқа, Қазақстанның орталық және оңтүстік-батыс бөліктеріндегі шөл және шөлейтті аумақтар малға арналған маусымдық жайылым ретінде кеңінен қолданылады. Мемлекетімізде ірі қара малдың саны артып келеді. Жануарларды жаппай санау жүргізу кезінде, нақтырақ айтсақ 2017 жылдың қаңтар айынан 2018 жылдың қаңтар айлары аралығында жалпы саны өскені анықталды. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2018 жылы ірі қара саны 6487,3 мың басқа жеткен, ал 1 жыл бұрынғы саны 6253,8 мың бас. Яғни 233,5 мыңға дейін саны артқанын көреміз. 3 облысымыздағы бас саны 1 млн-нан асып тұр. Олар: Алматы облысы – 1170,3 мың, Шығыс Қазақстан облысы – 1124,2 мың және Оңтүстік Қазақстан облысы 1087,8 мың. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық