Экономика | Мұнайгаз өндіретін компаниялардың стратегиялық және оперативті басқару жүйесі

Дипломдық жұмыста жүргізілетін зертеудің мақсаты - нарық жағдайындағы экономикалық басқаруды ұйымдастырып, нәтижелі мақсаттарына жетуін қамтамасыз ететін факторларын анықтау.
Нарықтық экономикаға көшкен кезде басқару жүесін жаңаша қалыптастыруды қажет етеді; өйткені кәсіпорынның тиімді қызмет етуі, көп жағдайда басқару шараларына байланысты. Ол үшін жоғары білікті мамандарды - менеджерлерді даярлау қажет, өйткені олар нақты жағдайды бағалап, аңғара біледі, әрі дер кезінде басқару шешімдерін қабылдап, оның іс жүзінде асырылуын қамтамасыз етеді, әрі ұжымға қазіргі талап деңгейінде басшылық етуді жүзеге асыра алады.
Қазіргі кездегі басқару жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен фактілерді жан жақты зерттеуімен , кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастырумен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады. Сонымен, басқарудың тиімділігін және менеджерлердің іс- әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстан республикасында банктік сыйақыны құру саясатын жетілдіру бағыттары

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының негізігі мақсаттарының бірі – бұл экономиканың нақты секторының жоғары бәсекелестігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы проблеманы шешуде үлкен рөлді экономиканың қаржылық секторы атқарады, әсіресе банктік секторы.
Банктік сектор тауарлар мен қызметтердерді ұсынатын жоғары технологиялық және жоғарыбәсекелестік өндірістерді қажетті ақшалай ресурстарымен қамтамасыз етеді.
Қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымында экономиканың нақты секторының кәсіпорындары мен банктер әр түрлі бағыттағы, ал кей кезде бір біріне қарама- қарсы мүдделерді ұстайды.
Өздерінің экономикалық мүдделерін сақтай отырып өндірістік қатынастарға түсуші жақтар бір бәрімен қарым- қатынастарға түсіп қарсыласқа түседі, бірақ оның нәтижесінде бір біріне жетістіктерге жету үшін объективті жағдайларын жасайды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУ ДЕҢГЕЙІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Халықтың қайнар ойларынан нәр алып, өскелең ұрпақтың игілігіне жараған, адамзаттың ақыл-ой қабілеттерін дамытуға негізделген рухани құндылықтардың бірі - зияткерлік ойындар. Оның - жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытып, өзін-өзі қалыптастыруында маңызы зор. Шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы және го секілді ойындар - тек қана спорт, өнер, ғалым ғана емес, олар жасөспірімдерді тәрбиелеудің маңызды құралы.
Зерттеу нысаны – тоғызқұмалақ қазақ дене шынықтыруының этностық педагогикасы ретінде.
Зерттеу мақсаты – тоғызқұмалақ арқылы қазақ халқының ұлттық дене мәдениетін дәріптеу.
Зерттеу әдістері: ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиет сараптамасы мен жинақталуы; сауалнама жүргізу; педагогикалық бақылау.
Зерттеу міндеттері:
1. Тоғызқұмалақтың қазақ елінің жалпы мәдениет құрылымындағы өзіндік орны.
2. Тоғызқұмалақтың заманауи даму деңгейін айқындау.
Зерттеудің әдістемелік негізін тарихи-педагогикалық құбылыстар мен фактілерді зерттеудің жүйелі тәсілі құрайды.
Ғылыми жаңалығы:....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық негізі де бар, өйткені XXI ғ. «адам капиталының» ролі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16 %, табиғи қорларға – 20 %, «адам капиталына» 64 %-ы тигенін есептеп шығарды.
Әлемде орасан зор әлеуметтік жұмыс тәжірибесі жиналған, оның ішінде көрсетілген халық тобымен де. Бұл салада отандық тәжірибе де аз емес. Қазіргі кезеңде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгерді, әлеуметтік қарам-қатынасының өршу үрдісі ойлануды, жалпылама талдауды қажет етеді. Тұрғындармен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымдамасын, әлеуметтік технологияларды, әлеуметтік жұмыс жүргізуде ұйымдардың түсінікті әрі сенімді тәсілдерді жасау қажет. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Мемлекет және құқық пәнін оқытудың бағдарламасы әдіс тәсілдері және жетілдіру

Тақыптың өзектілігі. Қазіргі кезңде жастарға құқықтық білім берудің маңызы өте зор болып отыр. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгң қоғамымыздың заңды жалғастырушысы. Олай болса олардың сауаты да саналы азамат ретінде қалыптастырудың құқықтық тәрбие нәрін берудің қагшалықты маңызды екендігі де түсінікті. Ертеңімізді сеніп тапсыратын жас ұрпақ үшін ең қымбат қазына адам және адамның бостандығы мен өмірі болып табылатын құқықтық сана қалыптастыру кезек күттірмейтін міндет болып отыр.
Ұлттық мемлекетіміз құрылып, тарихи дамудың сара жолына шығудың арқасында жаңа ққытық жүйе қалыптаса бастады.
Егеменді мемлекетіміздің құрылу тарихындағы ел тағдырына түбегейлі әсер еткен ірі өзгерістерге тоқталып өтетін болсақ: олар 1992 жылы 25 қарашада «Қазақ СССР-ң мемлекеттік егмендігі туралы декларациясының, 1991 жылғы 16 желтоқсанда»Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңның және ең бастысы 1993 жылы 25 қаңтарда мемлекетіміздің негізгі заңы Конституцияның қабылдануына тікелей байланысты ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Жетісу алатауының солтүстік орталық жотасына физикалық географиялық сипаттама

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Қытай халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын Жетісу Алатауын табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке табиғат аймағы ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз болады:
1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір-бірінен терең тауаралы аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік қатпарлы-жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы құрылымының айқындауы.
2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасы мол жауын-шашын түсуіне орай табиғатының сыртқы келбетін шөлді-шөлейтті, таулы далалы, таулы орманды, биік таулы субальплік және альплік ландшафтлар.
3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далалар, қылқан жапырақты таулы ормандар мен биік таулы таулы субальплік және альплік шалғындар басым болуы.
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының табиғатының ерекшеліктерін жан-жақты оқып үйрену жаһандану кезеңіндегі нарықтық экономикалық қатынастарға сәйкес табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып қоршаған ортаның тепе–теңдігін сақтау мәселесін шешумен қатар, қазіргі экологиялық ақуалын жақсартып адамның шаруашылық әрекетінен деградацияға ұшыраған геожүйелерді біртіндеп қалпына келтіруге мүмкіндік береді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Цитокини медиоторының жоғары сатыдағы өсімдіктер морфогенезіне әсерін зерттеу

Қазіргі заманғы биологияның ең болашағы зор әдістерінің бірі өсімдік клеткасы мен ұлпасын жасанды жағдайда өсіру. Әсіресе гаплоидты технологияның тиімділігі зор. Гаплоидты организмде барлық рецессивті белгілері көрінеді. Аталық тозаңдарды өсіру арқылы гаплоидты организмдерді алуға болады. In vitro жағдайында өсімдік ұлпасын өсіріп, өсімдік жүйесінің бір клеткадан дифференциация гистогенез, морфогенез арқылы біртұтас өсімдік алу мүмкіндігінің күрделі механизмдерін зерттеуге болады. Клеткаларды In vitro жағдайында өсіру әдістерінің ең күрделі мәселесі каллус клеткаларының морфогенез процестерін реттеу болып табылады. өсімдік клеткасын жасанды жағдайда өсіргендегі технологияда қолданудың басты мақсаты біртұтас регенерант өсімдігін алу. Даражарнақты өсімдіктердің, әсіресе астық тұқымдастардың оқшауланған ұлпаларын In vitro жағдайында өсіруге өте қиын, себебі бұл өсімдіктердің тотипатенттілік қасиеті төмен. Сондықтан органогенез процесіне эффективті әсер ететін және каллус түзуге, өсу және морфогенез процестерін реттейтін жаңа биореттегіштерді іздеу қажет [1,2]. Гормондар – тірі организмдердің тіршілігі үшін маңызы өте зор. Организмдердің дамуы, өсуіндегі ең негізгі процестер гормондармен реттелуге тәуелді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық