3-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: 3 -сабақ Мәтін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мәтіннен тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
- мәтін түрлерін және және оның құрылымдық бөліктерін тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы анықтай алады;
- түрлі дереккөздерден алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы аша алады, маңызды тұстарын анықтай біледі;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады
Оқушылардың көбі:
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
- тірек сөздер/көмекші сөздер негізінде мәтін түрлерін ажыратып, оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
- жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашады, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтайды;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады
Оқушылардың кейбірі:
- тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
- тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін және оның құрылымдық бөліктерін анықтап, дәлелдей біледі;
- дереккөздерден алынған түрлі ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашады, нақты жүйелей алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық