Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 4-сабақ Сөз таптары (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: № 4-сабақ Сөз таптары
Оқу мақсаты: 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
-тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
-сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
-сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді; ....
Подробнее
0 0