Экономика | МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЗЕРТТЕУ

Кәсіпорын жүйе ретінде өзара байланысты және өзара келісілген басқарылатын және басқарушы бөліктердең тұрады.Осы жүйе тармақтары арасында және олардың ішінде қатынастар пайда болады.
Менеджменттің міндеті – бұл қатынастарды басқарудың функциясын белгілеу және солардың негізінде басқарудың заңдылықтарын ескертіп, басқарушы жүйенің құрылымын жасап шығару.
Басқарудың функциясы мен құрылымы – басқарудың мазмұны мен пішіні.
Функция / латынның – “атқару, қызмет ” деген сөзі / қызмет сияқты анықталады, ал басқаруға сәйкес бұл басқару бойынша қызмет болады.Бұдан шығатыны, басқару жүйесінің жұмыс істеуі – басқару функциясын атқару процесі.Шынында, басқарылатын жүйеге кез келген әсер ету белгілі бір, осы жүйелерге ортақ басқару процесінің пішінінде, ал нақты айтсақ басқарудың функцияларында жүзеге асуы мүмкін.Басқару әрекетінің мәнін түсіну үшін оған тән белгілерді білу қажет.
Басқаруда әр түрлі функцияны бөлу мен оларды талдау өндірісті басқару проблемасын ғылыми талдаудың ыңғайын табуда негізгі кезең болды.Алғаш рет басқарудың функционалды талдаудың Ф.У. Тейлор мен А. Файоль жүргізді.
Басқарудың функционалды тәсілінің басты белгісі – басқару функцияларының жиынтығы ретінде түсіндіріледі.Басқарудың функциясы басқарудың өз мәнін көрсететін басқару қызметінің бөлігі болып табылады. ....
Рефераттар
Толық