Экология | Жергілікті жердің планы

1. Жергілікті жердің планы. 16-суретті мұқият қарап шық. Ондағы көк түсті ирек сызық - өзен; ағаштың суреті салынып қоршалған алқап - орман; ұсақ қоңыр нүктелер - құм; көп қорапшалар - селодағы үйлер; үстіне ұсақ дөңгелекшелер салынып, жасыл түске боялған жер - жеміс бағы. Олардың бәрінің де мөлшері барынша кішірейтіліп көрсетілген. Жер бетінің қағазға осылайша кішірейтіліп түсірілген нұсқасын план деп атайды (латынша планус - жалпақ, тегіс).
Планға қарап, жер бетінің жалпы сипатын, ондағы заттардың орнын, бір-бірінен ара қашықтығын дәл анықтауға болады. ....
Рефераттар
Толық