Биология | Алдыңғы аяқ

Алдыңғы аяқ (қол) қанқасы (skeleton membri thoracici; гр. skeleton — қаңқа, лат. membra — аяқ, лат. thorax — көкірек) — жануарлардың алдыңғы аяқтарының (адамда қолдың) сүйектерінен тұрады. Алдыңғы аяқ (қол) қаңқасы өз кезегінде екі бөлімнен: иық белдеуінің қаңқасы мен еркін қозғалатын бөлім қаңқасынан құралған. Алдыңғы аяқ (қол) иық белдеуінің қаңқасын (skeleton cingulum membri thoracici): құстарда — жауырын (scapula), бұғана (clavicula) және құстұмсықша сүйек (os coracoideum); адамда, маймылдар мен мысық тұқымдас жыртқыш аңдарда — жауырын мен бүғана; үй жануарларында (түяқты жануарлар мен иттерде) — тек жауырын құрайды. Алдыңғы аяқ (қолдың) еркін қозғалатын бөлімінің қаңқасы (skeleton membri thoracici liberi) — өз кезегінде үш бөліктен: жоғарғы (проксимальды) бөліктен, ортаңғы бөліктен және төменгі (дистальды) бөліктен тұрады. .....
Рефераттар
Толық