Биология | Үсіген кездегі алғашқы көмек

Төмен температураның әсер етуінің нәтижесінде ұлпаның зақымдануы үсік деп аталады. Үсудің себептері тиісті жағдайларға (суықтың, желдің ұзақ уақыт бойы әсер етуі, жоғары ылғалдылық, аяқты қысатын немесе дымқыл аяқ киім, қозғалмайтын қалыпта болу, зардап шегушінің жалпы нашар халы – ауруы, әлсіреуі, алкоголмен мас болу, қансырау) байланысты әртүрлі болады. 3-7°С температурасы кезінде үсік болуы мүмкін. Үсуге саусақтар, қолдың буындары, табан, құлақ, мұрын тез шалдығады.

Алғашқы көмек зардап шегушіні, әсіресе дененің үскен жерлерін дереу жылытумен байланысты, бұл үшін зардап шегуші мүмкіндігінше жылы жерге жеткізіледі. Алдымен, дененің үскен жерін жылытып, ондағы қан айналымы қалпына келтіріледі. Егер үскен аяқ-қолды 20°С температурадағы жылы ваннаға салса, бұл ең тиімді және қауіпсіз болады. 20-30 минут ішінде су температурасын біртіндеп 40°С көтереді .....
Рефераттар
Толық