Қыз Жібек

Базарбай тоғыз ұлынан айырылып, қан жұтып, қасірет шегіп жүрген кезінде, Алла нәсіп етшіп Төлегені дүниеге келеді. Оның жарық дүниеге келгендегі келбетін жыршы былай суреттейді.
Төлеген әкесінің ен дәулеті арқасында бұла боп өсті. Айналасына да, еліне де сыйлы, қадірлі азамат болды. Үйленер шағына да жетті. Қалыңдық іздеп, "ат жетер жерді арылтып тамам қылды", бірақ ол "ел-жұрттан қыз жаратпай", өзіне сүйікті жар болар сұлуды іздеумен күн кешті.
Төлегенді Ақ Жайық сұлуларына ынтық етеді. Жолы ауыр, жүз күндік болса да, "Төлегеннің ... қыз іздеуге көңілі кетті... Төлеген іздемекке талап етті". Белін бекем байлады. "Құс қанатты жорға" жаратты, Тұрманының барлығын алтындатып, күміспенен төрт аяғын тағалатты". Барлық жол жабдығын әзірлеп, Төлеген "сексен жігіт қосшы алып, он бес жігіт басшы алып, Ақ Жайыққа жөнеген".
Анасының қарсы болғанына қарамай аттанады.
Төлеген Ақ Жайыққа жиырма бес жорға ала кетеді. Саудагер шал аңыз етіп айтқан сұлуларды көрмек болып, елге: "Жас қызы болса әкеліп көрсеткен адамға қызын алсам да, алмасам да, бір жорға беремін", — деп хабар етеді. Мұны естіген үміткерлер, дәмеленген жұрт "қыздарын алып көрсетті". Төлеген "ешбірін жаратпайды". Бірақ уәдесінен қайтпады. Әрбіреуіне бір-бір жорға мінгізді. Көңілінен шығар сұлу қызды көрмеген ол: "Бұл қыздарды сұлу деп шал бекер айтқан екен", — деп өкінеді.
Сол кезде сұлу қыз іздеген Төлегеннің келгенін естіп, ханның ақылшысы әрі ақын Қаршыға қыз таңдап жүрген жігітті көрмекке, Төлегенді іздеп жолға шығады. Қаршыға: "Мен Төлегенді көрейін, Төлеген маған жақса, Қыз Жібек те жақтырар", — деп ойлайды.
Сонымен, Қаршыға өзіндей әрі сұлу, әрі ақылды жігітті армандаған, еліндегі бірде-бір жігітке мойын бұрмай жүрген Сырлыбай ханның қызы Жібекті жолықтырмақ болып. Төлегенді ертіп Сырлыбай ханның еліне жол тартады. ....
Рефераттар
Толық